Атырау, 18 желтоқсан 16:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

БҚО-да балалар өрттен қашамыз деп төртінші қабаттағы терезеден секірген

797 рет қаралды
видео кадры

Ақсай қаласында пәтерден өрт шығып, бірнеше адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

22 қарашада таңертең Ақсай қаласындағы 10-шағынауданда №19 үйде өрт шыққан. БҚО ТЖД мәліметінше, 4-қабаттағы пәтерде жиһаз бен жеке заттар жанып кеткен. Өрттің ауданы 60 шаршы метр болған. Құтқарушылар 12 адамды эвакуациялады, жетеуі - бала.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан жантүршігерлік кадрлар тарады. Видеода екі кішкентай бала төртінші қабаттың терезесінен секіргені көрінеді, ал төменде оларды адамдар қағып алған.

Екі бала да ауруханаға жеткізілді.

Өрт сағат 9:47-де ауыздықталды. Оқиғаның себептерін мамандар анықтайды. Ақсай қаласының әкімдігі жағдай бақылауда екенін және отбасына көмек көрсетілетінін хабарлады.



22 қараша 2024, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.