Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атлантикалық циклонның ықпалына байланысты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, сондай-ақ жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облысы
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстігінде тұман күтіледі.
Атырау облысы
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: 23 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астана
Астана қ.: 23 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
Жетісу облысы
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысы
Түркістан облысында шығыстан жел соғады, солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с және одан аса күтіледі. қ. Шымкент: 24 қарашада шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. қ. Түркістан: 24 қарашада шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавл қ.: 23 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысы
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Қостанай облысы
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 23 қарашада жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысы
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодар қ: 23 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы облысы
үнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматы қ.: 23 қарашада түнде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 23 қарашада түнде жолдарда көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысы
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. қ. Шымкент: 23 қарашада шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. қ. Түркістан: 23 қарашада шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.
Абай облысы
Түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Ақтөбе облысы
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 23 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.