Атырау, 24 қараша 19:03
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Жасыл ел» жасақтары жұмысын бастады

3 594 просмотра


Биыл «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша Атырау облысында 2 220 жас өренді жұмыспен қамту жоспарланған. Оған облыстық бюджеттен 160 млн қаржы бөлінді.

«Жас Отан» жастар қанатының жергілікті филиалы хабарлағандай, олардың қолға алатын айлық жалақысы 48 800 теңге болмақ. «Жасыл ел» жасағына 16-29 жас аралығындағы барлық жастар қатыса алады.

Бүгінде еңбек жасағының басым бөлігі көгалдандыру жұмысына, бірқатары құрылыс саласына жұмылдырылған. Мысалы, 3-ші курс студенті Мақат ауданының тұрғыны Жұмабек ТҰРҒАЛИ  «Авангард» ықшамауданындағы «Bastau construction» тұрғын үй кешені құрылысына жұмысқа тұрған.

- Көп балалы отбасынан шыққан соң ерте жастан еңбекке араласып, мектеп бітірісімен ауылдағы дүкенде жүк тасушы болып қызмет атқардым,- дейді Жұмабек. - Кейін оқуға түскеннен кейін де жазғы демалыс кезінде әр түрлі вахталарда жұмыс жасадым. Құрылыс саласында 7 жылға жуық тәжірибем бар. Бұйырса мамандығым бойынша құрылыс саласында еңбек еткім келеді.

Тұрғын үй құрылысында Жұмабекпен бірге Атырау қаласындағы колледждерде білім алып жатқан тағы 5 студент жұмыс жасайды. Жұмабек олардың аға нұсқаушысы. Олар мұнда арматур тоқып, тас қалап, күрекпен жұмыс жасауды үйренеді. Бұл жерде оларға түс мезгіліндегі бір мезгіл ыстық тамағы қаралған.

- Жұмыс сағат 9:00 - 18:00 аралығында. Қолға алатын жалақымыз 58 мың теңге, тәжірибе жинақтаушы студент үшін жеткілікті қаржы, - дейді студенттер.

«Жасыл Ел» жастарын қаланы көгалдандырумен қатар, археологиялық қазба жұмыстарына да қатыстыру жоспарланған. Күзде жасақтың екінші кезеңі жұмысын бастайды. Олар қыркүйек-қазан айларында тал егу жұмыстарын атқарады. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

21 маусым 2019, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.