Атырау, 24 қараша 12:56
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тексеру үшін азғана ет жетеді

5 018 просмотра


«Дина» базарында ет сатушымын. Ғимараттағы зертхана мамандары күнде таңертең сатуға әкелген етімізден жарты келіге жуық ет кесіп алып кетеді. Базарда 50-ден астам ет сатушы бар. Тексеру үшін азғантай түйір ет жетпей ме? 

«АЖ» поштасынан:

Сұраққа Атырау қалалық ветеринария бөлімінің «Дина» сауда орталығындағы зертхана меңгерушісі Камшат ЖИЕНҒАЗИЕВА жауап берді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №7-1/393 бұйрығына сәйкес сауда орталығына жаңа сойылып келген еттен күн сайын сынама алынып тұрады. Негізге алынған бұйрық бойынша сынама алатын еттің көлемі 200 грамнан кем болмауы тиіс. Айта кету керек, 100 грамм етке алғашқы күні сараптама жасалады. Ал қалған 100-150 грамм етті ақырғы тексеру үшін штрих код қойып, пломбалап сақтап қоямыз. Еттің бұл бөлігі 3 күн сақталып, одан кейін өзіміздің келісімшартқа отырған дезинфекциялау мекемесімен жойылады. Бұл не үшін жасалады? Мысалы, кейбір тұтынушылар мына сатушыдан ет алдым, күдіктенемін деген сияқты шағыммен келеді. Біз ол кезде тұтынушының қолындағы етті кесіп алмаймыз, кімнен алғанын сұрап, өзіміздің штрих код қойылып нөмірленген етті қайта тексереміз.

«АЖ» тілшісі редакцияға түскен хаттың ізімен «Дина» сауда орталығына барып, ет сатушылардан мәселенің мән-жайын сұрады.  Олардың айтуынша, қазіргі кезде мәселе тұрақтанды. Бұрынғыдай мамандар ойып тұрып кесіп алмайды, өзіміз шетінен кесіп беріп жүрміз дейді сатушылардың бірі.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

5 тамыз 2019, 19:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.