Атырау, 22 желтоқсан 17:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жаңа салық ережелері: шағымдану процесі ашық әрі ыңғайлы болмақ

92 рет қаралды

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдан бастап салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану тәртібіне енгізілетін негізгі өзгерістерді түсіндірді. Бұл туралы облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Ғибрат Мырзағали баспасөз мәслихатында мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа тәртіпке сай салық төлеуші тексеру нәтижесімен келіспей, уәкілетті органға немесе сотқа шағымданса, даулы сома бойынша төлем жасау уақытша талап етілмейді. Яғни, шағым қаралғанға дейін азаматтар мен кәсіпкерлерге қосымша қаржылық қысым түспей, өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ шағым беру мерзімі 30 жұмыс күні болып сақталады. Егер салық төлеуші бұл мерзімді дәлелді себептермен өткізіп алса, оны қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Мәселен кәсіпорын басшысы немесе бас есепші еңбекке уақытша жарамсыз болған жағдайда бұл себеп заңды негіз ретінде қаралады.

Шағым қағаз және электрондық форматта қабылданады. Электронды түрде берілген шағым веб-портал арқылы тіркеліп, өтініш берушіге оның қабылданғаны туралы хабарлама жолданады. Бұл рәсім шағым беру үдерісін барынша ашық әрі ыңғайлы етеді.

Уәкілетті орган шағымдарды заңда белгіленген мерзімде қарайды. Салықтық мониторингте тұрған салық төлеушілердің шағымдары 45 жұмыс күні ішінде, ал қалған салық төлеушілердің шағымдары 30 жұмыс күні ішінде қаралады. Қажет болған жағдайда қосымша тексерулер тағайындалуы мүмкін.

- 2026 жылдан бастап енгізілетін өзгерістер салық төлеушілердің құқықтарын қорғауды күшейтуге және шағымдарды қарау процесінің ашықтығын арттыруға бағытталған. Әрбір салық төлеуші өз құқығын заң аясында тиімді қорғай алуы тиіс, – деді Ғ.Мырзағали.

Брифинг соңында спикер азаматтар мен кәсіпкерлерді заңнамадағы өзгерістермен алдын ала танысып, салықтық міндеттемелерді орындау кезінде өз құқықтарын ескеруге шақырды.

Бүгін, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.