Осы жылдың бірінші жартыжылдығында облыс аумағында 129 өрт оқиғасы тіркелген. Өрт салдарынан 5 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алған. 1 млн 273 мың теңге материалдық шығын келген. Бұл туралы брифингте Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асқат ЕРЖАНОВ мәлімдеді.
Өрттердің шығуына көп жағдайда тұрғындардың отпен абайсыздығы, пештер мен электр құралдарын және тұрмыстық құрылғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамауы және балалардың отпен ойнауы себеп болған.
Сонымен қатар, су қоймаларында 20 адам суға кеткен. Оның ішінде 7 адам жүзу маусымында қайтыс болған. Ержанов айтқан басты жаңалық – облыстың Мақаттан басқа аудандарының барлығында коммуналдық жағажайлар ашылады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор