Атырау, 24 қараша 13:49
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ескі Атыраудың орнына Тұңғыш президент саябағы салынады

4 248 просмотра


Атырау қаласында сүріліп жатқан ескі қаланың орнына  Тұңғыш президент саябағы, ту тұғыры, достық үйі, ХҚКО, музей және мектеп салынады. Бұл туралы брифингте Атырау қалалық сәулет және қалақұрлысы бөлімінің басшысы Ерлан ҚАБДИНОВ мәлімдеді.

- Сонымен қатар, қазір инвесторлар тарапынан гипермаркет, медициналық орталық салуға ұсыныс түсуде, - деп атап өтті бөлім басшысы.

Еске салсақ, өткен жылы Атырау қаласының жаңартылған Бас жоспарына сәйкес қаланың орталық аумағынан Ә.Молдағұлова,  Ә.Жангелдин, А.Байтұрсынов, Б.Жарбосынов, А.Пушкин, Т.Бисекенов, Ж.Нәжімеденов, Ю.Гагарин, И.Тайманов көшелеріндегі  тозығы жеткен 271 үйді сүру жұмыстары басталған болатын. Бүгінде тұрғындардың 80 пайызға жуығы өтемақыларын алған, 70 нысан бойынша қайтадан бағалау және сот рәсімдері жүруде.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

30 шілде 2019, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.