Атырау, 24 қараша 14:04
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сүйіндіктегі қой қырғыннан кейін қойшешекті де аса қауіпті аурулар қатарына қосады

4 520 просмотра


Атырау облысында биыл жануарлардың 9 түрлі аса қауіпті ауруларының алдын алу үшін 1 млн 658 мың доза вакцина сатып алынып, тегін екпе жүргізілуде. Алдын алуға жататын қауіпті аурулардың тізіміне (құтыру, сібір жарасы, иттің эхинококкозы, сиырдың қарасан, пастереллез, нодулярлы дерматит ауруы және т.б.) келесі жылдан бастап Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында қой мен қозыларды қырған қойшешекті де қосады.  Бұл туралы брифингте Атырау облысы ветеринария басқармасының басшысы Азамат АЙТҚАЛИЕВ мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, биыл бірінші жарты жылдықта қауіпті ауруларға жүргізілген зертханалық зерттеу нәтижесінде бруцеллезге оң нәтиже берген 946 сиыр, 797 ұсақ мал және 57 түйе анықталып, санитарлық союға жіберілген.

- Биыл екінші жарты жылдықтан бастап бруцеллез ауруының алын алуға бағытталған жаңа стратегия қабылданды. Оң нәтиже берген мал жойылғаннан кейін де араға уақыт салып, қалған сау малдан қатарынан екі рет теріс нәтиже бергенше, қан сынамалары алына береді. Бағдарлама алдағы екі жылда нәтижесін береді деп сенеміз, - дейді А. Айтқалиев.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

30 шілде 2019, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.