Атырау, 24 қараша 18:28
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ақжайық» резерватынан әуесқой балық аулауға болады

Сурет
4 210 просмотра

Атыраулық әуесқой балықшылар 21 маусымнан бастап «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан балық аулай алады. Бұл бастама резерват құрылғаннан бері алғаш көтеріліп отыр.

«Ақ Жайық» табиғи резерватының басшысы Нұрболат КӘРІМОВТЫҢ айтуынша, әуесқой балық аулауға резерваттан екі арнайы орын белгіленген. Бірі Приморск каналындағы «Ақжайық» МТР №3 бекетінен басталатын 65 метр жер. Екіншісі Еркінқала ауылынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан №2 бекет. Бұл Балық өткелі каналы бойынан 338 метр аумақты қамтиды. Әуесқой балық аулау үшін облыс тұрғындары мен қонақтары Химпоселок, Қабдолов,25 мекенжайындағы «Ақжайық» резерватының кеңсесінен бір күнге талон (720 теңге) алуы тиіс. Содан кейін сағат 9:00-18:00 аралығында қалағанынша демалып, 5 келіге дейін балық аулай алады. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

26 маусым 2019, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.