Атырау, 7 желтоқсан 11:00
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жабайы жағажайларда да құтқарушылар болады

Сурет
3 011 рет қаралды


ТЖД мәліметтері бойынша, өткен жылы Атырау облысында шомылу маусымында 9 адам суға кеткен, оның екеуі - бала. Ал кезекті шомылу маусымының басталуына аз уақыт қалды. 24 мамырдан бастап жергілікті құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

«Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ сүңгуір-құтқару бөлімшесінің басшысы Ербол БРАЛИЕВТІҢ айтуынша, Атырауда және қала маңында: Жұмыскерде, ММС-те, Ракуште, Еркінқалада, Дамбыда, Курилкинде, Көктем, Талғайраң, Балықшы ықшам аудандарында, Әлиев-Сатыбалдиев көпірінің маңында 10 «жабайы» жағажай бар. Құтқарушылар оларды ресми жағажайлармен қатар бақылауда ұстамақшы. Айтпақшы, мұндай жағажай қалада 7-еу, бірақ олардың үшеуі бойынша кәсіпкерлер шарттарды орындамағандықтан сенімгерлікпен басқару туралы келісімшартты бұзуға тура келді.

- Жағажайды қолға алғысы келетіндерді табу қиын, - дейді ТКШ қалалық бөлімі секторының меңгерушісі Ақесен ИБРАГИМОВ. – Тендерлер көбінесе нәтижесіз аяқталады.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

7 маусым 2019, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.