Атырау, 24 қараша 14:38
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Су – тілсіз жау

Сурет Бейнежазба
6 626 просмотра


Атырау облысында соңғы 6 айда 18 адам судың құрбаны болды. Оның ішінде 6 жағдай суға шомылу маусымы кезінде орын алған. Бұл қайғылы дерек Атырау облыстық ТЖД ұйымдастырған пресс-тур барысында айтылды. Журналистер құтқарушылармен бірге катермен Жайық өзені бойымен жүріп, адамдардың көп жағдайда бейғам, мұндай жамандық өздерінен аулақ жүретіндей сезінетіндеріне көз жеткізді.

Рейд барысында жабайы жағажайлар мен пирстарды, көпірлердің астын шомылатын орынға айналдырып алған тұрғындармен кездестік. Алайда олар құтқарушылардың ескертуіне «Мен бұл жерде бала кезімнен бері суға түсіп келемін», «Жағажай алыста» деген себептерін айтады.

Айта кетейік, қазіргі кезде қалада рұқсат етілген екі ғана жағажай бар - Тұрғындар қалашығы ықшам ауданындағы «Малибу» және Атырау спорт кешенінің алдындағы жағажай. Соңғысы құжаттары толық жиналмауына байланысты әлі ресми ашылмапты. Бірақ адамдар суға түсіп жүр. Ал, биыл ашылады деп жоспарланған Мечников көшесі тұсындағы оң жақ жағалаудағы үшінші жағажайды кәсіпкер жаз келгенде сенімгерлікке алудан бас тартқан.


Рейд барысында құтқарушылар тұрғындарға суға мас күйде түспеуді, қатты ағысы бар жерлерде және бейтаныс жерлерде сүңгімеуді, су көліктері жүрген жерлерде шомылмауды, ескерту қалтқысынан асып кетпеуді және үлкендердің балаларды қараусыз қалдырмауын қаперге берді.  

Құтқарушылардың айтуынша, қалада жоғарыда аталған екі жағажайдан басқасының бәрі қауіпті жер болып саналады. Мысалы, Атырау-Ақпарат аялдамасының қатарынан Балықшыға қарай өзен астында бетондар, арматур мен темір-терсек көп кездеседі. Ал, Әлиев көпірінен Геологқа қарай тік жар, терең. 


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

17 шілде 2019, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.