Атырау, 24 қараша 15:52
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей ескертпесе, карантин болмас па еді?

2 978 просмотра


Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылындағы аттас шаруа қожалығындағы мыңдаған асыл тұқымды еділбай қойының өліміне байланысты Сүйіндік ауылына карантин жарияланады. Бұл туралы Атырау облысы ветеринария басқармасының басшысы Азамат АЙТҚАЛИЕВ брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, Сүйіндік ауылы аумағынан мал шығару-кіргізуге шектеу қою құжаттары қазір әділет органдарында тіркелуде. Шектеу қою кезінде мал басы есепке алынып, толықтай екпе жүргізіліп, қоражайлар залалсыздандыратын болады.

Естеріңізге салсақ, бір апта бұрын Россельхознадзор Ресейге Атырау облысынан ұсақ мал мен оның етін әкелуге уақытша шектеу қойды. Бұл көктемде Құрманғазы ауданындағы көрші елмен шекаралас ауылдағы шаруа қожалықтарының бірінде болған еділбай тұқымды қойлар мен  қозылардың жаппай қырылуына тікелей байланысты. Бұған дейін Россельхознадзор қазақстандық тараптан қой қырғынға қатысты зерттеулер мен жасалған шаралар туралы екі рет ақпар сұраған еді.

Еске салсақ, «Сүйіндік» шаруа қожалығында қой өлімі сәуірде басталған, алайда аудан билігі біразға дейін мұны мойындағысы келмесе, астаналық сарапшылар диагнозды бірден айыра алмаған-ды. Ал жергілікті ветеринарлар мұның қой шешек екенін бірден айтқан болатын. Бұл кесел 300 қой мен 1200 қозыны опат қылды.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

24 шілде 2019, 18:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.