Атырау, 24 қараша 15:32
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өтемақы бермеудің әлегі ме?

3 133 просмотра


Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылындағы ауыл аттас шаруа қожалығында осы жылдың сәуір-мамыр айларында еділбай тұқымды қой қырылды. Бастапқыда жергілікті билік мұны мойындағысы келмей, өлген малдың санын азайтып көрсеткен, алайда қорытынды есеп бойынша,  1200 қозы, 260 қой, жалпы 1460 мал қырылған. Сонымен қатар, қырылу себебін анықтауда да қиындықтар болды.

Жергілікті ветеринарлар бірден қой сүзегі деп диагноз қойған, бірақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары, соның ішінде, Ұлттық референт орталығы сынамаларды зерттеп, мұны растамады. Содан кейін шаруашылық иесі Жамбыл облысында орналасқан Биологиялық қауіпсіздік проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу институтының зертханасына жүгінеді. Институттың вирусологтары ПЦР реакциясы арқылы оспа дертін анықтап берген. Бір қызығы, осы қорытындыдан бір тәуліктен кейін референттік орталық та қойсүзек диагнозын растайды.

Шаруа қожалығы малдың қырылу себебін анықтауда неге сонша әбігерге түсті? Мүмкін, қойсүзектің өтемақы төленуі тиіс аурулар тізбесіне кіруінен бе екен? Енді анықталғаннан кейін «Сүйіндік» ЖШС бұл өтемақыны ала алады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА    

9 шілде 2019, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.