Атырау, 24 қараша 14:15
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сүйіндіктегі қойдың қырылғанын Ресей де естіпті

3 466 просмотра


Россельхознадзор 15 шілдеден бастап Ресейге Атырау облысынан ұсақ мал мен оның етін әкелуге уақытша шектеу қойды. Оған «Қазақстанның осы аумағында қойлардың шешек ауруы салдарынан жаппай қырылуы жөніндегі БАҚ-тағы ақпарат негіз болған». Демек, бұл жерде әңгіме көктемде Құрманғазы ауданындағы шаруа қожалықтарының біріндегі болған еділбай тұқымды қойлар мен  қозылардың жаппай қырылуы туралы болып отыр. Ал, ол аймақ РФ Астрахан облысымен шекаралас.

Россельхознадзор сайтында, сондай-ақ, маусымның басында ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің ветеринарлық бақылау комитетіне Атырау облысының аумағындағы қойлардың жаппай қырылуы себептерін түсіндіру жөнінде жолдаған сауалына әлі күнге дейін жауап алмағандығы хабарланған. Енді Ресейден тексеру жұмыстарының нәтижелерімен, алынған шаралар туралы ақпарат беруді сұраған өтініші қайтадан жолданған көрінеді.

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ 

17 шілде 2019, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.