Атырау, 25 сәуір 20:34
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Сүйіндікте қанша қой қырылды?

5 643 просмотра


Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылындағы аттас шаруа қожалығында сәуір айынан бері еділбай тұқымды қойлар жаппай қырылды. Бастапқыда жергілікті ветеринарлар мұны шешек ауруы деп жорамалдаған. Алайда жіберген сынаманы зерттеген ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары мұны растамады. Бүгінде малдың неден опат болғаны белгісіз, бастысы әр тарап әр түрлі сан айтады: жергілікті билік тек 50 шақты қой өлді десе, кейбір ақпарат көздері 2 мың бас шығын бар дейді.

- Қазір нақты себебін анықтау керек, комиссия құрылып жатыр, алайда «Сүйіндік» өндірістік кооперативінде 2 мың емес, 50 бас қой өлгенін ресми түрде мәлімдеймін, - деді  Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жандос БЕКТЕМІРОВ.

Дегенмен, жергілікті ветеринарлардың бірі «АЖ»-ға басқаша дерек берді: бүгінде қозыларын қосқанда 1115 қой өлген. Сондай-ақ тағы бірнеше отар (600-700 бас) ауырып тұр, осыған байланысты қойшылар жайлауға шыға алмай отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 маусым 2019, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.