15 шілдеде Атырауда түрлі саладағы қолөнершілердің басын қосатын «Дәстүр» өнер орталығы ашылды. Мұнда келушілер өнерпаздардың қолынан шыққан ұлттық нақыштағы бұйымдармен танысып қана қоймай, шеберлердің сабақтарына да қатыса алады: олар бұл жерде матаға маржан тастар орнату, жүннен бұйымдар жасау, кілем тоқу, біз кестемен жұмыс, киіз басу, зергерлік және қыштан бұйым жасау құпияларымен бөліседі.
Алғашқы шеберлік сағатын Сарайшық саздарынан қыш құйып, түрлі бұйымдар жасап жүрген атыраулық қолөнерші Зинат ОРЫНБАСАРОВА өткізді.
Орталықтың құрылтайшысы Бибігүл КАРДЕНОВАНЫҢ айтуынша, орталық «Пекин» қонақ үйінің бір залын жалға алған және аптасына бес күн жұмыс істейді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор