Атырау, 24 қараша 19:05
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өр мінезін өлеңге қосты

Сурет
4 923 просмотра


Атырауда ақын жерлесіміз Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасы өтті. «Жыр менің жалғыз тарланым» деген атпен ұйымдастырылған жабық мүшәйраға еліміздің барлық облысынан бүркеншік атпен жүзге тарта ақын өлеңдерін жолдаған.


Мүшәйраға ҚР Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Ақберен ЕЛГЕЗЕК бастаған ақындар төрағалық етіп, ақындардың өлеңдерінен Фаризаның өр мінезі мен өзіне тән болмысы сипатталуы талап етілді. Шараға Фариза Оңғарсынованың бауырлары мен оның ұлы Алмас және облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ та қатысып, шайырларға ризашылығын білдірді.  

Мүшәйра қорытындысы бойынша бас жүлдені Нұр-сұлтан қаласынан келген Мирас АСАН еншілесе, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Қалқаман САРИН бірінші орынды, оңтүстіктен келген Батырхан СӘРСЕНХАН мен атыраулық Асланбек ШЫҒЫР екінші орынды иеленіп, алматылық Таңжарық ТОҚТАРӘЛІ мен Динара МӘЛІК және батысқазақстандық Жанерке ҒИНАЯТ үшінші жүлденің иегері атанды. Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы жүлде тараздық Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚҚА бұйырды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

28 маусым 2019, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.