
Атырау қаласы Құттығай батыр көшесіндегі жол құрылысының алғашқы кезеңі аяқталды.
Қазір көшедегі жол автокөлік қозғалысы үшін ашылды.
Әкімдіктің хабарлауынша, ұзындығы шамамен 1 шақырымды құрайтын көшенің жобасы ауыспалы болғандықтан, толық аяқтау жұмыстары келесі жылға жоспарланып отыр. Биыл жолдың астыңғы қабаты нығыздалып, 4 жолақты ірі түйіршікті асфальт төселді.
2026 жылы ұсақ түйіршікті асфальт төсеу, жаяу жүргіншілер жолын салу, бағдаршам орнату, теміржол өткелін жабдықтау және жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.
Жол құрылысын «Нефтестроймонтаж» ЖШС жүзеге асырып жатыр.
В Атырау 0