Атырау, 25 маусым 07:22
 дождьВ Атырау +23.6
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Қоғам

Еріктілер жәрмеңкесі Қоғам

Еріктілер жәрмеңкесі

Егер ішінде тамызық болмаса, пештің өзінен-өзі жылымайтыны белгілі. Сондықтан «Astana Alumni Association» еріктілер бірлестігіндегі жергілікті жастар жалғызбасты зейнеткерлер үшін екінші жыл қатарынан қысқы уақытқа көмір сатып алып беріпті. Бұған ақшаны жастар түрлі шаралар ұйымдастыру арқылы табады. 14 қараша 2012, 14:50 2 772 рет қаралды
Адыра қалған атажұрт Қоғам

Адыра қалған атажұрт

Азғыр өңірінде қазір халық тұрып жатқанымен, бұрынғы ядролық полигонға жақын орналасқан барлық елді-мекендер әлеуетті-қауіпті аймақта тұр. Мамандардың бағалауынша, қауіпті ошақтарды жою жұмыстары жүргізілген көптеген технологиялық алаңдарда радиация қайтадан білінген. Елді-мекенге жақын алаңдардың бірінде топырақ түсе бастап, ойықтар мен үңгірлер пайда болған. Демек, радиация әрі қарай да таралады деген сөз. 14 қараша 2012, 16:28 7 522 рет қаралды
Балалар алаңсыз қала ма? Қоғам

Балалар алаңсыз қала ма?

Сәтпаев көшесі бойындағы үйлердің тұрғындары өздерінің онсыз да тып-тығыз орналасқан ұлтарақтай ғана ауласында кеңсе ғимаратының салынатындығы туралы ПИК қатысушыларының жалпы жиналысында естіді. Ести сала қатты таң қалды. Болашақ ғимараттың орнында сегіз үйге ортақ жалғыз ғана балалар алаңы орналасқан еді. 14 қараша 2012, 18:42 2 367 рет қаралды
Бірлік жоқ жерде тірлік жоқ Қоғам

Бірлік жоқ жерде тірлік жоқ

Огородный көшесінде орналасқан №8 жатақхананың ахуалы адам көргісіз күйде. Оның жуынатын бөлмесі мен әжетханасы бірнеше жыл бұрын істен шыққан. Бұл жер ылғи да сыз тартып, иісі мүңкіп тұрады, аяқ астында қоқыс қалдығынан көп нәрсе жоқ. 8 қараша 2012, 00:00 5 334 рет қаралды
Жылу берушілер ақшамызды қалай игеруде Қоғам

Жылу берушілер ақшамызды қалай игеруде

5 қарашада «Атырау жылу желілері» АҚ журналистерді тұрғындардың қаржысына жасақталған инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Кездесудің бастамашысы табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік департаменті болды. 8 қараша 2012, 00:00 2 693 рет қаралды
АҚШ елшісі: «Қазақстанда біздің қанша екенімізді білмеймін» Қоғам

АҚШ елшісі: «Қазақстанда біздің қанша екенімізді білмеймін»

Қазақстандағы АҚШ елшісі Кеннет ФЭЙРФАКС (суретте) Атырауда бірнеше күн болды. Бұл сапарды ұйымдастырушы – Қазақстандағы АҚШ елшілігі «Ақ Жайыққа» сұхбат алуды ұсынған еді. Біз қуана келістік. 7 қараша 2012, 15:21 4 145 рет қаралды
Бекеттегі берекетсіздік Қоғам

Бекеттегі берекетсіздік

Құрманғазы ауданы Мақаш селолық округіне қарасты тоғыз жолдың торабында орналасқан №8 бекеттің бүгінде берекесі қашты. Бес жүзге жуық тұрғыны бар елді мекенде газ, су, жылу жоқ. Ал билік өз есебіне бұл проблеманы қоспай отыр. 7 қараша 2012, 16:37 2 546 рет қаралды
Оңайлықпен сенбеңіз Қоғам

Оңайлықпен сенбеңіз

Оқырмандарымыздың арасында қазан айының басында ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің «сенімхатты қолдан жазуға болады және оларды нотариатқа тіркеу міндетті емес» делінген 2005 жылдан бастап қолданыста келе жатқан нормативке ерекше көңіл аударуы үлкен пікірталас тудырды. Біз Атырау облыстық ІІД ЖПБ бастығы Мұхаметжан ОСПАНОВТАН қосымша түсінік пен оқырмандардың сұрақтарына жауап беруін өтінген едік. 7 қараша 2012, 17:14 4 712 рет қаралды
Людмиланың бақыты Қоғам

Людмиланың бақыты

Молдағалиев көшесіндегі 26 үйдің бір бөлмелі пәтерін Людмила ата-анасының Шалқымадағы екі бөлмелі пәтеріне ауыстырып алған еді. Алайда, мекен-жайын ауыстырғанмен ештеңе өзгермеді: айналасындағы ішімдікке салынғандар мен нашақорлар оған сиыр жапасына үймелеген шыбындай ұшып барды: бұрынғыша кездейсоқ көңілдестердің, маскүнемдердің, нашақорлардың тізбегі. Доза үшін ақша іздеу, одан кейін есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін жаза арқалап, темір тордан бір шықты, қысқасы өмір емес, азап болды. 7 қараша 2012, 18:06 2 973 рет қаралды
Абай мектебі ұзақ күттірді Қоғам

Абай мектебі ұзақ күттірді

Доссор поселкесіндегі Абай атындағы орта мектебі өткен жылдан бері күрделі жөндеу жұмысы жүргізілетіндіктен жабылып қалғалы жүз шақты оқушы Қанатбаев атындағы орта мектепке барып жүр. Ол да Доссорда, бірақ, оған теміржол және құбыр желісі бойымен 3 шақырым жаяу жүріп жету балаларға өте қиын. 31 қазан 2012, 17:57 3 588 рет қаралды
Мұрагерлер сауалы Қоғам

Мұрагерлер сауалы

Мұраны рәсімдеу - өте күрделі мәселелердің бірі. Бұл процедура көп уақытты және зор ықыласты қажет етеді. Құжаттар жинау, өтініштер мен арыздар толтыру, кезекке тұру, қателіктерді түзеу, мұрагерлер арасындағы келіспеушіліктер және басқа да мәселелер сот процесінің ұзарып кетуіне соқтыруы мүмкін. Біз адвокат Гүлсім САБИРОВАДАН оқырмандарымыздың көкейінде жүрген өзекті сұрақтарына жауап беруін өтінген едік. 31 қазан 2012, 18:04 8 761 рет қаралды
Мүмкіндігі шексіз орталықтар Қоғам

Мүмкіндігі шексіз орталықтар

Атырауда Астанадағы секілді мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін шағын жиынтықты әлеуметтік қолдау орталығын ашу көзделіп отыр. Бұл туралы «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында өткен  баспасөз конференциясында айтылды. 31 қазан 2012, 18:24 7 575 рет қаралды
Шойын жолдағы шерменде ауыл Қоғам

Шойын жолдағы шерменде ауыл

Бұрынғы Томан теміржол разъезінің бүгінде 400-ден астам тұрғыныбар. Алайда, олардың өмірі қазір қиын жағдайда. Халық қоныстанып үлгерген Томан теміржол разъезі елді мекен атанғанымен, онда тұрып жатқан адамдардың тіршілігі мәз емес. 24 қазан 2012, 18:36 4 187 рет қаралды
Қоғам

Беймаза көршіден мезі болсаңыз...

«Бізбен көршілес тұратын жастар музыканы тәулік бойына бар даусына қосып қояды. Жасаған ескертуімізді жақтырмайды, бастапқыда музыканың даусын басып қойғанымен, біршама уақыт өткеннен кейін ол қайтадан даңғырлай бастайды. Әсіресе, бас жанрындағы дыбыс жүйкеге тиеді. Музыка дегенде де ылғи ырғақты дыбыстар тарсылы ғана естіледі.  Бізге заңгерлер қандай кеңес берер екен? Осынау берекетсіздікті бейбіт жолмен қалай шешуге болады?». 24 қазан 2012, 19:07 3 007 рет қаралды
Ауруханаға да «еңбек сіңіріп» жатасың Қоғам

Ауруханаға да «еңбек сіңіріп» жатасың

Редакцияға денсаулығының ауыр жағдайына қарамастан ауруханада жатып емделуде кедергілерге ұрынған адамдар бірнеше рет хабарласты. Ауруханаға орналаса алмауларына басты себеп - қабылдау бөлімінде отырғандар келген науқастардан госпитальдау бюросынан арнаулы жолдаманы алып келуді талап етіп отыр.  17 қазан 2012, 20:30 3 619 рет қаралды
Соңғы батыр Қоғам

Соңғы батыр

Марапаттау қағазынан: «1945 жылы 17 сәуірде кіші сержант Сәді ДҮЙСЕНБЕКОВ құрамында болған Т-34 танк экипажы Берлинге ең бірінші болып кіріп, фашистердің танкіге қарсы 2 қару құралын жойған. Танк қаланың басты екі көшесін басып алып, қосымша күш келгенше оқ пен оттың арасында ұстап тұрған. 1 мамырда жаудың 8 танкісін отқа орап, баррикаданы бұзып, 50 фашисті өлтірген. Берлиннің орталығына шығып, 115 тұтқынды қолға түсірген». 17 қазан 2012, 20:45 3 978 рет қаралды
Балабақшадағы орын да сатыла ма? Қоғам

Балабақшадағы орын да сатыла ма?

«Қала орталығындағы балабақшаға жолдаманы сатамын» деген хабарландыруға газет бетін оқып отырып көзім түсіп кетті. Өзімнің де балам үкіметтік балабақшаға баратындықтан, кезінде жолдаманы қаншама уақыт күтіп, қиындықпен алғанымды есіме түсірдім. Алагеуімнен ұзын-сонар кезекке тұрып, кешке қарай сол бір жапырақ қағаздың қолыма тигені ұмытылмастай болды... 17 қазан 2012, 22:12 2 523 рет қаралды
Тентектер түзеліп кетті ме? Қоғам

Тентектер түзеліп кетті ме?

Өздерінің жазғы еңбек демалыстарын ештеңені түсінбестен күпті күдікпен өткізген ұстаздар қауымы содан бергі өткен екі айда да бос қалған ғимаратқа жұмысқа барған болып жүр, алайда, олар әлі күнге дейін өздерінің жұмыс істеп, не істемей жүргендерін білмей дал. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларға арналған Атырау облыстық мамандандырылған мектеп-интернат ұжымы еңбекақыларының 80 пайызын жоғалтты. Бірақ, олар өздерін жұмыста жүрміз деп алдауды жалғастыруда, өйткені олардың барар жер, басар тауы жоқ. 10 қазан 2012, 16:27 7 292 рет қаралды
Ұстаздар ма, әлеуметтік қызметкерлер ме? Қоғам

Ұстаздар ма, әлеуметтік қызметкерлер ме?

Ұстаздар күні қарсаңында облыстық ақыл-ойы кем дамыған балаларға арналған интернат педагогтарын жағымсыз тосын сый күтіп тұрды. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағылар оларды мерекені атап өтетіндей ұстаздар емес, әлеуметтік қызметкерлер деп есептеп отыр. 10 қазан 2012, 16:47 6 407 рет қаралды
Азаматтық атыңа лайықсың ба? Қоғам

Азаматтық атыңа лайықсың ба?

Атыраудағы тхеквондоның негізін салушы Қабибек МҰХИТАНОВ, айкидодан Нұрлан ШАЙХИЕВ және каратэ мен муай-тай жекпе-жек өнерінің негізін салушылар Айбат РАХМАН «Қара белдіктер клубына» бірікті. Дәстүрлі шығыс жекпе-жектерінің майталмандары адамзаттың күшті жартысының шынайы өкілі қандай болуы тиіс екенін жұртшылыққа түсіндіруге тырысты. 10 қазан 2012, 20:28 5 282 рет қаралды
Арпалысқа түскен «Атыраубалық» Қоғам

Арпалысқа түскен «Атыраубалық»

Бүгін, 9 қазанда, «Атыраубалық» АҚ-ның ғимаратына кіре берісте еңбекақы бойынша қарыздарын төлеуді талап еткен кәсіпорын ұжымының наразылық акциясы өтті. Қазақстан балық өнеркәсібінің бұрынғы алыбының жұмысшыларға бережағы 30 миллион теңгеден асып отыр. 9 қазан 2012, 22:28 3 590 рет қаралды
"Отансүйгіштігі" үшін жазаланды Қоғам

"Отансүйгіштігі" үшін жазаланды

23 жастағы Атырау тұрғыны «Мерседесінің» капотына мемлекеттік туды бекітіп, өзінің отансүйгіштігін өзгеше әдіспен білдіруді ұйғарыпты. Прокуратура қызметкерлері мұндай қадамды бағаламай, жігітке 323 600 теңгеге айыппұл салды.  5 қазан 2012, 22:58 2 988 рет қаралды
Қоғам

Мектеп биыл ашыла ма?

Жылыой ауданында мектеп пен балабақша ғимараттары жетіспейді. Мектептерде үш ауысыммен оқытылғанның өзінде сыныптардағы оқушылардың тығыздығы нормадан артық. Құлсары қаласының тұрғындары қалада салынып жатқан 624 орындық мектептің пайдалануға берілуін тағатсыздана күтіп отыр. 3 қазан 2012, 21:50 2 071 рет қаралды