Атырау, 23 қараша 21:07
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Автобус сынағы

2 714 просмотра

Нұрсая мен Болашақ ықшамаудан-дарының тұрғындары «Батыс-ТранспортСИМ» ЖШС-нің кондукторлары мен жүргізушілеріне бірлесе қарсы шықты.

 

БАЛАЛАРҒА ОРЫН ЖОҚ

«Жаңа оқу жылы басталғаннан бері күнде таңертең белгілі бір көріністі байқап жүрмін: 30А автобусы ішіне лық толғандықтан көбесі сөгіле жаздайды, - деп жазады редакцияға Нұрсая тұрғыны. – Содан кейін біздің аялдамамыздың жанынан өтіп кетеді. Кей кездері тоқтайды. Онда да аялдамадан он метрдей қашықтықта аялдайды. Бәрі жұмысқа, ал балалар сабақтарына асығады. Алайда ең мықтылар мен бірбеткейлер ғана автобусқа жүгіріп жетіп, салонға қысыла-қымтырылып мініп кетеді. Жол ақысын алуға болатындарға ғана басқышқа басуға мүмкіндік беріп, үлкен сөмке асынған балаларымызды кондукторлар дөрекілікпен итеріп тастайды.... Алдымызда суық, балшықты, лайсаң күндер келе жатыр, мұндай кездері балаларымызды таксиге отырғызуға мәжбүрміз. Ал таксистер біздің амалсыздығымызды пайдаланып, такси бағасын көтеріп жібереді. Бізге қол ұшын берсеңіздер екен...». 

Басқа бір оқырман біршама уақыттан бері кондукторлардың жолақы үшін «балалар» тарифін енгізгенін растап отыр:

Балалар үшін сабақ кезінде жолақы тегін болуы тиіс. Бірақ кондукторлар оларды салонға кіргізбейді. Ал кіргізген жағдайда олардан жол ақысын төлеуді талап етеді. Жақында автобустағы кондуктор мені балам үшін ақы төлеуге мәжбүр етті: ұлым алдымда отырған еді, сондықтан ол үшін жолақының жарты құнын - 25 теңге төлеуге тиіс болдым...

Ал «Батыс-ТранспортСИМ» азаматтардың шағымдарын қабылдаудың орнына, керісінше, шабуылға көшті:

– Мұның бәрі жалған, - деді «Батыс-ТранспортСИМ» ЖШС-нің желілік механигі Сәкен ҮСТЕМБАЕВ, -күн сайын белгілі бір автобусқа (жолда 100 машина барА. П.) мініп жүру менің міндетіме кіреді. Сіз айтып отырғандай берекетсіздікті бірде-бір рет көрген емеспін. Балалар тарифіне келер болсақ, бұл бос сандырақ. Сабақ кезінде оқушылар үшін жүру тегін, 7 жасқа дейінгі балалар үшін де солай. Мұндай ақпарат әр автобуста ілінген. Иә, бізде осыған қатысты бір жолаушыдан шағым түскенін мойындаймын: кондуктор жұмыстан шығарылды. Мәселе шешілді.

– Ал тексерулер қалай жүргізіледі? Жүргізушілер мен кондукторлар салонда тексеруші отырғанын білмейді ме?

– Әрине, біледі.

– Тексеруші аялдамадан түсіп қалған соң, кондукторға өз бетінше әрекет етуіне ештеңе кедергі келтірмейді ғой.

 

ҰЛЫ ҚҰПИЯ

Кондуктордың күніне «Батыс-ТранспортСИМ» қоржынына қанша сома салуы тиіс екендігі өте құпия нәрсе боп шықты. Бұл мекемедегілер мұның жеке ақпарат екендігін және басқаларға жария етілмейтінін айтты.

Өз арналарым арқылы жүру бағытына қарамастан жоспар күніне 14-тен 48 мың теңгеге дейін құрайтынын білдім. Бір автобустың өзін таныстырмауды жөн көрген жүргізушісі мойындағандай, мұндай сома үнемі бола бермейді екен.

– Кейде өз қалтаңнан төлейтін кездер де болады, – дейді ол.

Неліктен бізде қоғамдық көлікке билет жүйесі енгізілмейтіні белгісіз. Жолаушы ақша төлеп отыр, ол қызметті төлегендігін растайтын құжатты (билетті) алуға толық құқылы. Оның үстіне бұл жолаушылардың нақты санын білуге көмектеседі. Осы арқылы жолақы үшін қандай төлем оңтайлы болатынын білуге болады. Ал әзірге жағдай ширыққан күйде қалып отыр.

Анастасия ПАСТУХОВА

31 қазан 2012, 20:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.