Атырау, 26 қараша 11:46
 снегВ Атырау +1.6
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57

Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалайды: жаңа комиссия құрылды

28 рет қаралды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қарашада мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойып, арнайы комиссияның құрамын бекітті. Комиссия мемлекеттік органдардың жұмысын реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлеумен айналысады.

Жаңа комиссияның басты міндеті – мемлекеттік басқару жүйесіндегі алдағы өзгерістердің бағыттарын айқындау және реформалардың кешенді жоспарын әзірлеуге арналған ұсыныстарды қарастыру.

Жаңа комиссия немен айналысады?

Ақорданың хабарлауынша, комиссия мемлекеттік басқаруды реформалау тәсілдерін әзірлеп, кейін кешенді жоспарға енгізілуі мүмкін жүйелі ұсыныстарды қарайды.

Бұл қазіргі кезеңде министрліктердің құрылымын дереу өзгерту, мемлекеттік қызметшілер санын қысқарту немесе өкілеттіктерді қайта бөлу емес, реформаларды әзірлеу туралы сөз болып отырғанын білдіреді.

Комиссия төрағасы болып Президент Әкімшілігінің Басшысы Роман Скляр тағайындалды. Оның орынбасары болып Президенттің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев белгіленді.

Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі белгіленді.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері енді. Оның отырыстарына орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін.

Комиссия құрамына кімдер енді?

Бекітілген құжатқа сәйкес, комиссия құрамына мыналар кірді:

Аты-жөніЛауазымы
Роман СклярПрезидент Әкімшілігінің Басшысы, комиссия төрағасы
Әсет ЕрғалиевПрезиденттің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары
Әлихан СмайыловЖоғары аудиторлық палатаның төрағасы
Ғалымжан ҚойшыбаевПремьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы
Серік ЖұманғаринПремьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі
Жаслан МәдиевПремьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ержан ЖиенбаевПрезидент Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Қуанышбек ЕсекеевПрезиденттің көмекшісі
Дархан ЖазықбайМемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Ерлан СәрсембаевӘділет министрі
Жеңіс ҚасымбекАстана қаласының әкімі
Марат АхметжановАқмола облысының әкімі
Дархан СатыбалдыАлматы қаласының әкімі
Болат АқшолақовАтырау облысының әкімі
Шахмардан БаймановҚұрылтай депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
Сұңғат ЕсімхановҚұрылтай депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті төрағасының орынбасары
Шолпан КариноваҚұрылтай депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
Екатерина СмышляеваҚұрылтай депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті төрағасының орынбасары
Андрей ЛукинҚазақстан Халық Кеңесінің мүшесі
Бағдат МусинҚазақстан Халық Кеңесінің мүшесі
Айгүл ШаимоваСтратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары, комиссия хатшысы

Комиссияның құрылуы мемлекеттік аппараттың жұмыс істеу қағидаттарын ауқымды қайта қараудың алғашқы кезеңі болуы мүмкін.

Бүгін, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.