Атырау, 11 желтоқсан 20:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Тәлімі мол тәрбиеші ұстаз

14 315 просмотра

№17 балабақшаның әдіскері Мәншүк ҚУНАСОВА республикалық байқауда «Үздік педагог» номинациясындағы 48 иегердің бірі атанды.

Мәншүк Әмірғалиқызы мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 12 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның бір жылында әдіскер, ал оған дейін тәрбиеші болған. 2009 жылы ол алдымен қалалық, кейін облыстық «Үздік тәрбиеші» атағын иеленген.

Биылғы жылы білім беру министрлігі қызмет саласы бойынша педагогтарды бөлмеуді ұйғарып, баршасы үшін жалпы «Үздік педагог» байқауын өткізді. Сондықтан өте үлкен бәсекелестік болды,– деп әңгімелейді Мәншүк Әмірғалиқызы.

Биылғы жылы алғаш рет байқау сырттай өткен, яғни қатысушыларға бүкіл конкурс құжаттарын арнайы комиссияға жолдау жеткілікті болатын. Педагогтардың жұмысы бірнеше бағыттар бойынша бағаланды – тәрбиеленушілердің жетістіктері, әріптестері мен ата-аналардың пікірлері, жаңа технологияларды қолдану, білім беру процесіндегі шығармашылық әдіс және т.б.

Мен өзімнің тәрбиешілік жұмысымда халық педагогикасын кеңінен қолдандым. Балалар ерте жастан бастап өз халқының салт-дәстүрлері туралы білуі тиіс. Ал ол үшін материалдар жеткілікті – мақал-мәтелдер, ертегілер, халықтың аңыз әңгімелері мен ырымдары, - дейді М. Қунасова. Тәрбиешілерге арналған «Инновациялық оқыту әдісі арқылы мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесіне халық ауыз шығармашылығын пайдалану» құралына өзінің көпжылдық еңбектерін жинақтаған. Үздік педагог атағы үшін республикалық байқауға барлығы 3,5 мыңнан астам адам қатысқан. Еліміздің 48 үздік педагогтары қатарында Мәншүк Қунасова - мектепке дейінгі білім беру мекемесінің жалғыз ғана өкілі.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

8 қараша 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.