Атырау, 28 желтоқсан 17:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

"Отансүйгіштігі" үшін жазаланды

2 800 просмотра

Гастарбайтерлер көлік прокуратурасы ғимаратының жанында тумен қоқыс тасып жүр.

23 жастағы Атырау тұрғыны «Мерседесінің» капотына мемлекеттік туды бекітіп, өзінің отансүйгіштігін өзгеше әдіспен білдіруді ұйғарыпты. Прокуратура қызметкерлері мұндай қадамды бағаламай, жігітке 323 600 теңгеге айыппұл салды.

Қала прокурорының аға көмекшісі Камел РАМАЗАННЫҢ ақпараты бойынша, оқиға 23 қыркүйекте орын алған.

«Ту қадаған машинаны кешкісін, сағат тоғыздар шамасында Әуезов көшесі мен Азаттық даңғылының қиылысынан байқаған, - дейді прокуратурадағылар. – Бұл азаматтың әрекеті Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 354-1-бабының 1-тармағы бойынша бағаланды. 2 қазанда оның соты болды, енді оған мемлекет қазынасына 200 АЕК төлеуге тура келеді».

Заңға сәйкес, туды арнайы белгіленген көрінетін жерден басқа жерге орналастыруға мүлдем болмайды. Ал капот, прокурорлардың пікірінше, мемлекеттік рәміздің маңызын түсіреді.

Айтпақшы, бір ай бұрын Петропавлдың 40 жастағы тұрғынын Қазақстанның туын пәтеріне перденің орнына ілгені үшін соттай жаздаған болатын. Осылайша, ол адам өзінің отансүйгіштігін білдіргісі келіпті. Алдын алу әңгімелерінен соң ол пердесін ауыстыру үшін үйіне жіберілген.

Анастасия ПАСТУХОВА

5 қазан 2012, 22:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.