Атырау, 26 желтоқсан 15:19
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қала мерекеге дайындалуда

2 955 просмотра

5 қарашада қалалық әкімдік ірі мекемелердің, кәсіпорындар мен банктердің өкілдерін жинап, өз ғимараттарын безендіре бастауға кірісуді өтініп сұрады. Өйткені Жаңа жыл да жақындап қалды.

Қала әкімінің орынбасары  Амантай АЙТБАЕВ бұған қатысты өз тәжірибесі бар екенін айтты. Өткен жылы, мәселен, Аджип КСО, NCOC, АМӨЗ, ТШО компанияларына, «Идеал» және «Атаба» сауда желілері мен екінші деңгейлі банктердің филиалдарына қаланың негізгі көшелерін безендіру жұмыстары жүктелген болатын. Бұл тәжірибенің тағы да қолданылатындығы анық: Айтбаев аталмыш фирмалардың өкілдеріне «жеке сөйлесу үшін» жиналыстан кейін қалуды өтінді.

- Түсініңіздер, бюджет резіңке емес, сондықтан қаланы бірге безендіруге тура келеді, - деді Айтбаев жағдайды сипаттап.

Оларға мерекелік әшекейлерді, баннерлер мен сым-кергілерді ілуге 1 желтоқсанға дейін уақыт берілді. Әкімдіктегілер олардан үнемдемеуге кеңес берді:

- Қала әдемі болуы тиіс, бұл мұнай астанасы! Бізге қала меймандары баға береді әрі тұрғындарда мерекелік көңіл-күй пайда болады.

Мәжіліске қатысушылардың үнсіздігіне қарағанда (келісім белгісі шығар) көшелерімізде мерекелік көңіл-күй орнайтын болды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

8 қараша 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.