Атырау, 26 желтоқсан 18:06
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Мектеп биыл ашыла ма?

1 847 просмотра

Жылыой ауданында мектеп пен балабақша ғимараттары жетіспейді. Мектептерде үш ауысыммен оқытылғанның өзінде сыныптардағы оқушылардың тығыздығы нормадан артық. Құлсары қаласының тұрғындары қалада салынып жатқан 624 орындық мектептің пайдалануға берілуін тағатсыздана күтіп отыр.

Нысандағы құрылыс жұмыстарын «Казтранссервис» ЖШС (директоры Мұрат КЕЙКИН) атқаруда. 900 млн теңгеге бағаланған мектеп құрылысы осы жылдың желтоқсан айында пайдаланылуға берілуі тиіс.

Әзірге мектептің шатыры жабылмаған және терезелері салынбаған.

- Бүгінде құрылыс жұмысының 80 пайызы бітіп тұр. Қазір жұмысшылар жылу жүйесін реттеп, сылақ жұмысын жүргізіп жатыр. Жұмысшылар қолы да, материалдар да жеткілікті. Ол жағынан кідіріп жатқан жоқпыз. Біз жаңа мектептің кілтін осы жылдың аяғында тапсырамыз, - дедіучаске бастығы Жаңбырбай АРЫСТАНОВ сенімдітүрде.

- Сапасына қатысты не айтасыз?

- Құрылыс сапасына қатты көңіл бөлудеміз. Бізде білікті құрылысшылар аз емес.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 қазан 2012, 21:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.