Атырау, 30 желтоқсан 23:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Барлаушы спортқа сұранып тұр

2 579 просмотра

Индербор поселкесінде спортпен айналысуғаниет білдіріп отырған балалар көбейіп келеді, бірақ, оларға қажетті мүмкіндіктер бара-бара азайып барады.

- Барлаушы учаскесінде еркін күрес үйірмесіне қатысушылар көбейіп келеді, олардың саны 60-қа жетіп отыр, - дейді спорт мектебінің жаттықтырушылары Ержан ТӨРЕХАНОВ пен Салауат ҚҰРАЛБАЕВ – Бірақ, біздің тәрбиеленушілеріміздің көбі поселкенің бір шетінде тұратындықтан олардың спорт мектебіне жетуі қиын, содан да жаттығуды тастап жатыр.   

Ата-аналарды да көлік проблемасы мазалайды.

- Спорт мектебі де, жаңа дене шынықтыру кешені тұратын жерімізден тым қашық орналасқан. Ал жақын маңдағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің екі спорт залында жаттығуға рұқсат етпей отыр,- дейді Мырзабек ТАСЫБАЕВ.

Аудандық білім бөлімінің бастығы Бағытжан МУСАҒАЛИ, мектептің спорт залдарының бос болмайтынын айтса, Индер ауданы әкімінің орынбасары Әлифолла БАЛАХМЕТОВ балалардыБарлаушы учаскесінен дене шынықтыру кешеніне дейін тасымалдау жағын қарастыратынына уәде берді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 қараша 2012, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.