Атырау, 18 қараша 22:52
 ашықВ Атырау +2
$ 495.95
€ 524.37
₽ 4.98

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

4 408 просмотра

30 қазан күні облыстық балалардың құқығын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз мәслихаты осылай деп аталды. 

Жиынға заңгерлер, қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлері, әлеуметтік педагогтар қатысты.

Кризистік орталық директорының орынбасары Айбаршын ИМАНҒАЛИЕВА:

- Балалар мен әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылық алдында қорғансыз, әлсіз болып келеді. Бұл жерде отбасында жанжал шығарған адам жазасын алуы тиіс. Біз өз тарапымыздан жәбірленушілерге көмектесуге тырысудамыз. Біздің орталық 2011 жылдың 1 ақпанынан бастап жұмыс жасайды. Бізде уақытша тұруға қабылданған әйелдер 3 мезгіл тамақтанып, оларға заңгерлік, психологиялық көмек көрсетіледі.

Бүгінде республикамызда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына келіп түскен балалар саны - 816.

Облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әлеуметтік педагогы Айгүл ДОСҚАНОВАНЫҢ айтуынша, орталықта 11 бала бар. 

Жетім балаларға арналған жергілікті мекемелер болса, жағымды статистиканы келтірді. Егер 2000 жылдары интернаттан 20-30 бала қашатын болса, бүгінде бұл жағдай кездеспеген. 

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

31 қазан 2012, 21:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.