Атырау, 29 желтоқсан 00:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Арпалысқа түскен «Атыраубалық»

3 194 просмотра

Бүгін, 9 қазанда, «Атыраубалық» АҚ-ның ғимаратына кіре берісте еңбекақы бойынша қарыздарын төлеуді талап еткен кәсіпорын ұжымының наразылық акциясы өтті. Қазақстан балық өнеркәсібінің бұрынғы алыбының жұмысшыларға бережағы 30 миллион теңгеден асып отыр.

Жайық-Каспий бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бастығы Әлібек БҰХАРБАЕВТЫҢ айтуынша, үстіміздегі жылдың 9 қазанында 2011 жылы «Атыраубалық» резервтік қорға қайтарып алған 4 балық аулау орындары: Жайық өзенінде – Кіші Дамбы, Еркінқала, Қиғаш өзенінде – Дамбы және Коневская «Жайық-Балық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына берілген. Яғни, «Атыраубалықтың» енді балық аулайтын жері жоқ.

Атырау облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті бөлімінің бастығы Әліпқали ДӘУЛЕТЬЯРОВТЫҢ хабарлауынша, «Атыраубалықтың» еңбекақы бойынша жинақталған материалдары сотқа жолданған.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 қазан 2012, 22:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.