Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Аудан жаңалықтары

2 376 просмотра

ЖАҢА ОРЫНБАСАРЛАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Индер ауданы әкімдігінде ауыс-түйістер орын алды.

Аудан әкімі Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВТІҢ үш орынбасарының бірі - Бауыржан ИМАНҒАЗИЕВ өз өтініші бойынша лауазымынан босатылып, оның орнына Мұқамбетқали АЛДЕРЗИН келді. Сондай-ақ, әкімдіктің аппарат жетекшісі Қайрат НҰРЛЫБАЕВ әкімнің орынбасары болып тағайындалды. Аудан әкімінің бірінші орынбасары Әлифолла БАЛАХМЕТОВ болса, бұрынғыша өз қызметін атқаруда. Ал Қайрат НҰРЛЫБАЕВТЫҢ орнына әкімдіктің аппарат жетекшісі қызметіне Дарын ШАМҰРАТОВ тағайындалды.

 

ТҰРҒЫНДАР ҮЙЛІ БОЛДЫ

Индербор поселкесінде өрттің салдарынан баспанасыз қалған 8 отбасы жайлы пәтерлерге қоныстану мүмкіндігіне ие болды.

Өткен жылы ол тұрғындарды үймен қамту үшін облыстық бюджеттен тұрғын үйлер салу мақсатында 23 млн теңге қаралған болатын. Қазіргі кезде өрттен зардап шеккен отбасыларға үй беріле бастады.

 

КӨГАЛДАНДЫРУ ЖАЛҒАСУДА

Құрманғазы ауданында күзгі көгалдандыру жұмысы жүріп жатыр.

Осы күзде республикалық бюджеттенкөгалдандыру жұмысына 11 млн теңге қаржы бөлінген болатын. Бұл қаржының 5 млн теңгесі Ганюшкино селосына, 2 млн теңгесі Еңбекші селосына, 3,7 млн теңгесі Калинин селолық округіне үлестірілген. Ал отырғызылатын әрбір тал (терек, қарағаш) орман шаруашылығынан 240 теңгеден сатып алынды. Аудан бойынша көгалдандыру жұмысы 15 қарашада аяқталуы тиіс.

 

АЛМА БАҒЫН АРАЛАУМЕН...

«Атырау-Сауда» ЖШС Жылыой ауданында алма бағын ашуды қолға ала бастады. 

Серіктестік Жем өзені бойындағы «Қайқы» учаскесінен жер телімін алып, алма бағын өсіруді көздеп отыр.

Бүгінде ол 5 гектар алма бағын қоршап, жер тыңайтуға кірісіп, топырақ құнарлылығын байыту жұмыстарымен айналысуда. 

 

ІЗГІЛІК САБАҒЫ

Құлсары қаласында жұмыспен қамту мекемесінің ұйтқысымен ашылған мүгедек балаларды оңалту және қарттарға көмек көрсету орталығы өз жұмысын игілікті істерге арнап отыр.

Бүгінде онда мүгедек балалардың туған күнін өткізу және қариялардың басын қосуға арналған көңілін көтерер түрлі мәдени шараларды өткізу дәстүрге айналған. Орталық қызметкерлерінің айтуынша, мұнда тренажар залымен бірге массажист қызметі тегін.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 қараша 2012, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.