Атырау, 23 қараша 19:30
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бірлік жоқ жерде тірлік жоқ

4 964 просмотра

Көрнекі суретОгородный көшесінде орналасқан №8 жатақхананың ахуалы адам көргісіз күйде. Оның жуынатын бөлмесі мен әжетханасы бірнеше жыл бұрын істен шыққан. Бұл жер ылғи да сыз тартып, иісі мүңкіп тұрады, аяқ астында қоқыс қалдығынан көп нәрсе жоқ.

- Мен мұнда жиырма төрт жылдан бері тұрамын, - дейді Ахон ҚҰЛМАҒАМБЕТОВ.Жылу болса әлі берілмеді. Ыстық су да жоқ. Бұл туралы қала әкіміне хат жаздық.

Жатақхана тұрғындарының атынан қала әкімі Айдарбековке жазылған хатқа оның бірінші орынбасары Әділбек Нұрлығожиевтен бұл жатақхананың апатты үйлер қатарында деген жауап келген. Алайда, тұрғындарға жаңа баспана берілетіндігі жайлы ештеңе айтылмаған. 

Қалалық тұрғын үй секторы меңгерушісінің міндетін атқарушыМарта НҰРҒАЛИЕВА да бұл жатақхананың таяу арада көшірілмейтіндігін растап отыр.

Жарайды, жуынатын орын жоқ делік. Алайда бір әжетхана салып алуға екі қатарлы үй тұрғындарының әлі жетпей ме сонда?

Жатақханада тұрып жатқан тұрғын Гүлсая ТӨРЕБАЕВА:

- Жатақхананың артқы жағында жалғыз әжетхана бар. Бірақ ол да жеке меншік, жақын маңдағы газшылардың құзырында. Ал біз болсақ кез-келген жерден ойып тұрып шұңқыр қаза алмаймыз. Себебі, әкімшілік тарапынан әр жер есептеулі болғандықтан, рұқсат етілмеген. Ең сорақысы тұрғындар түзге, үй айналасына дәрет сындырады.

Бұрынғы жуынатын бөлме мен әжетханадағы қоқысты «Арнаулы автобаза» КМК көмегімен алып тастауға болар еді. Оның орнына әжетхана салуға болады. Бірақ, бұл да тұрғындардың ойларына келмей отыр. Олар өздері де мұның себебін ұйымшылдықтары мен ауызбіршіліктерінің жоғымен түсіндіреді.

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

8 қараша 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.