Атырау, 23 қараша 19:04
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Оңайлықпен сенбеңіз

4 339 просмотра

Оқырмандарымыздың арасында қазан айының басында ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің «сенімхатты қолдан жазуға болады және оларды нотариатқа тіркеу міндетті емес» делінген 2005 жылдан бастап қолданыста келе жатқан нормативке ерекше көңіл аударуы үлкен пікірталас тудырды. Біз Атырау облыстық ІІД ЖПБ бастығы Мұхаметжан ОСПАНОВТАН қосымша түсінік пен оқырмандардың сұрақтарына жауап беруін өтінген едік.

– ҚР Азаматтық кодексінің 147-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады. Азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілейтін мұндай мәмілелерге сенімхат келісім-шартының негізінде сенімді тұлғаға көлік құралын басқару құқығын беру жатады. 

ҚР АК 167-бабының 1-тармағына сәйкес, бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi сенiмхат деп танылады. Демек мәміленің бұл түрі тараптардың келісімі бойынша нотариалдық куәландырусыз жарамды боп танылады. Осылайша, көлік құралын басқару құқығына сенімхат үшін заң актілерінде қарапайым жазбаша түрде сенім білдіруші мен сенім білдірілген тұлғаның деректері (аты-жөні, ЖИН), көлік құралының есептік мәліметтері, сенімхаттың жарамдылық мерзімі туралы мәліметтер қарастырылған.

2005 жылдың 23 тамызындағы №504 ҚР ІІМ бұйрығымен көлік құралдарын пайдаланатын тұлғаларды тіркеу және есепке алу ережесі бекітілді. Соған сәйкес, сенімхатты тіркеу және сенім білдірілген тұлғаларды есепке алу көлік құралының тұрақты тіркеу орны бойынша немесе сенімді тұлғаны тұрақты немесе уақытша тіркеу орны бойынша жол полициясының тіркеу бөлімшелерінде сенімхат алынған күннен бастап он күн ішінде жүргізіледі. Сенімхатты тіркеу сенім білдіруші мен сенім білдірілген тұлғаның қалауы бойынша жүзеге асырылады.

2009 жылғы 26 қазандағы ҚР Үкіметінің №1670 қаулысына сәйкес, ішкі істер органдарының жол полициясының тіркеу-емтихан бөлімшелері «көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын тұлғаларды тіркеу» мемлекеттік қызметін ұсынады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 сағаттан аспайды; өтініш иесі жүгінген күні жергілікті жерде мемлекеттік қызмет көрсетілгенге дейін кезек күтудің ең жоғары шекті уақыты 20 минуттан аспайды; өтініш иесі жүгінген күні жергілікті жерде мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің ең жоғары шекті уақыты 20 минуттан аспайды. Мемлекеттік қызмет аптасына бес күн тегін көрсетіледі (сейсенбі - жұма сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбі сағат 08.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін). Қабылдау кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат электронды үкімет порталында, ҚР Ішкі істер министрлігінің веб-сайтында (www.mvd.kz) орналастырылған.

– Егер менің көлігімді құжаттармен бірге ұрлап айдап кетсе, көлік ұрлаушы өзіне сенімхат жазып ала алады ма және мен көлік ұрланғандығы туралы полицияға хабарлағанға дейін ол көлікке еркін мініп жүре бере ме?

– Көлік құралы иесінің, яғни, сенім білдіруші мен сенімді тұлғаның жеке басы мен қолдары жол полициясының тіркеу-емтихан бөлімінің қызметкерінің мөрімен расталады.

– Мен сенімхат нотариалды расталған болса, ЖПБ-на оны тіркеу міндетті емес деп естідім.

– Жол полициясына нотариус растаған сенімхатты тіркеу міндетті емес.

– ҚР Жол полициясы комитетінің баспасөз хатшысы Ирина ЛУКЬЯНИНА инспекторлардың сенімхатқа мөртаңба басылмағаны үшін айыппұл салуға қақылары жоқ екендігін түсіндірді. Ал ҚР Азаматтық кодексі көлік жүргізуге сенімхат тіркелмегендігі үшін ешқандай жауапкершілікті қарастырмайды. Бізде осы нормаларды ұстана ма?

– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте нотариус берген тіркелмеген сенімхат үшін айыппұл қарастырылмаған.

– Демек, басқа адамға сенімхатты қолмен жазып бере аламын ба? Толығырақ айтып берсеңіз.

– Көлік құралын басқару құқығына сенімхат тараптардың қалаулары бойынша жазбаша еркін түрде, сондай-ақ, ЖПБ тіркеу-емтихан бөлімшесінде үлгілері бар бланкаларда толтырылуы мүмкін.

– Менің барлық ережелер бойынша толтырылған сенімхатымды жол полициясындағылар тіркеуден бас тартты. Оларда мұндай сенімхаттың үлгісі әлі жоқ екеніне және нотариалды түрде куәландырылмаған сенімхатты растау үшін қабылдауға бұйрық жоқ екендігіне сілтеді. Менің білуімше растау тегін жүзеге асырылуы тиіс, бірақ жол полициясындағылар ақы талап етеді. Мәселе неде?

– Сенімхатты тіркеуден бас тартқан жағдайда тікелей тіркеу-емтихан бөлімшесінің офицерлеріне немесе 30-02-68 сенім телефонына хабарласуды өтінеміз.

Дайындаған Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

7 қараша 2012, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.