Атырау, 6 қазан 13:09
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Балабақшадағы орын да сатыла ма?

2 237 просмотра

«Қала орталығындағы балабақшаға жолдаманы сатамын» деген хабарландыруға газет бетін оқып отырып көзім түсіп кетті. Өзімнің де балам үкіметтік балабақшаға баратындықтан, кезінде жолдаманы қаншама уақыт күтіп, қиындықпен алғанымды есіме түсірдім. Алагеуімнен ұзын-сонар кезекке тұрып, кешке қарай сол бір жапырақ қағаздың қолыма тигені ұмытылмастай болды...

- Сәлеметсіз бе, мен хабарландыру бойынша соғып тұр едім, балабақшаға жолдама...

- Сатылып кетті.

- Қап, үлгермей қалғаным-ай. Қаншаға саттыңыздар?

- 100 000 теңге.

Әртүрлі форумдардағы осындай тектес хабарландыруларды көріп, осындай жолмен балабақшаға жолдама алуға болатынын және бағасының да әртүрлі екенін көрдім. Осы жайтты қалалық білім бөлімі мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр ЖОЛМҰХАНОВАҒА баяндап бергенімде, қатты таң қалды.

- Не дейді? Мұндайды бұрын естіген жоқпын. Дереу қаржы полициясына хабарласыңыздар.

- Демек, бұл заңға қайшы келеді ғой?

- Әрине! Біздің тәжірибемізде мұндай сорақы жағдайды бірінші рет кездестіріп отырмын. Олай етуге болмайды ғой.

Дегенмен, бірқатар ата-аналармен сөйлесе келе, олардың бірнеше жыл кезекте тұрғаннан гөрі, балаларын тезірек балабақшаға орналастыру үшін мұндай хабарландыруларды іздеп жүретінін байқадық. Ал балабақшадағы орынның қандай сұраныста екенін аңғарған алыпсатарлар осындай «бизнестің» түрімен айналысып отырғанға ұқсайды.  

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

17 қазан 2012, 22:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.