Атырау, 5 желтоқсан 09:34
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Шымкентте кәмелетке толмаған жасөспірім адам өлтіргені үшін 7 жыл 6 айға сотталды

32 рет қаралды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіру, ұрлық жасау деректері бойынша айыпталған кәмелетке толмаған А.-ға қатысты үкім шығарды. Қылмыстық іс жабық тәртіпте қаралды.

Тергеу мен сотта анықталғандай, жасөспірім 2025 жылдың 21 шілдесінде Telegram желісіне үй тазалайтын қызметші керек деген жалған хабарлама жариялаған. Сол күні хабарландыру бойынша келген жәбірленуші үйді тазартып, келісілген ақысын сұраған. Алайда жасөспірім төлем жасамау мақсатында әйелді өлтіріп, оның мобильді телефонын алып кеткен.

Сотталушының кінәсі оның өз жауабымен, жәбірленуші тараптың айғақтарымен, куәгерлердің түсініктерімен, сараптама қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен толық дәлелденді.

Жаза тағайындау кезінде сот оның кәмелетке толмағанын және істеген ісіне өкініш білдіргенін жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде есептеді. Қылмысты ауырлататын факторлар анықталған жоқ. Қылмыстық кодекстің 81-бабы бойынша жасөспірімге 10 жылдан артық жаза тағайындауға болмайды. Ал жеңілдететін мән-жайлар болған жағдайда, адам өлтіру сияқты ауыр қылмыс үшін жаза жоғары мерзімнің 3/4 бөлігінен аспауы тиіс.

Осы нормаларды ескере отырып, сот А.-ны адам өлтіру және ұрлық баптары бойынша кінәлі деп танып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ал мәйітті қорлау дерегі дәлелденбегендіктен, ол бұл бап бойынша ақталды.

Жаза кәмелетке толмағандарға арналған ҚАЖ жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеледі. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 08:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.