Таяуда Wild West Wheels Brothers байк-клубының жігіттері Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алау маңында акция өткізді.
Оның мақсаты - қалалықтарға бұл орынның жас жұбайлардың құрметіне бокалдарды толтырып, ішімдік ішу емес, Отан қорғаушыларға тағзым ететін орын екендігін еске салу. Көптеген жылдар бойы Мәңгілік алау туралы тек Жеңіс күнінде ғана еске алатын. Демалыс күндері некесін қидырған жас жұбайлар Мәңгілік алауға топталып келуді өз борыштарына санап, сол жерден мейрамханаға аттануды әдетке айналдырған. Олардың артынан гүлдерден басқа бос ыдыстар мен темекі қалдықтары қалады.
Жігіттер алау маңына өздерімен бірге шелекпен су, сүрткіштерін ала келіп, суық желдің өтіне қарамастан мәңгілік алау аумағын түкіріктерден, темекі қалдықтарынан, қалған ыдыстар мен басқа да қоқыстардан тазартты.
- Біз атыраулықтарға Мәңгілік алау мемориалы майдан даласында өз өмірлерін қиған біздің әкелеріміз бен аталарымыздың құрметіне жасалғанын естеріне салмақшы болдық, - дейді «Brothers». - Бізге, ұрпақтарға, Мәңгілік алау біздің және келешек ұрпақтың жүрегінде оларға деген ұлы құрмет ретінде алаулатуды өсиет етіп қалдырды. Мейлі, бұл тебірене айтылған сөз болса да, біз үшін өте маңызды.
Жан толғандыратындай әсерлі сөздермен жазылған бетшелер бақта серуендеп жүргендерге, сондай-ақ, сол сәтте Мәңгілік алауға келген жас жұбайларға және олардың достарына таратылды.
Байкерлер біздің газетіміз арқылы әскери бөлімшелердің қолбасшыларына үндеу тастады: «Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Мәңгілік алауда демалыс күндері сағат 14-00-ден 18-ге дейін той кортеждерінің келу уақыттарында құрметті күзет ұйымдастыруды сұраймыз. Бұл игілікті іс болар еді».
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор