7 қарашада жергілікті коммунистер Қазан төңкерісінің 95 жылдығын дәстүрлі түрде халық арасында «Ленин аллеясы» деп аталатын Жилгородок саяжолындағы Владимир Ильич ескерткішінің алдында атап өтті.
Коммунисттер Ильичтің шойын шалбарының кең балағын шимайланған махаббат жазбалары мен жалынды «сәлемдерден» тазартып, гүл шоқтарын қойды. Дәстүрлі митинг те өткізілді.
«Адал лениншілдерден» бөлек мерекеге қаламыздың ақсақалдары да қатысты. Олар өткен күнді сағынышпен еске алып, бүгінгі күнді күйінішпен әңгімеледі. Жиын аяғына қарай бұрынғы жылдардың бірнеше әндері орындалды. «Фронтовичка» хорының қартаймайтын өкілдері шырқаған «Смело, товарищи, в ногу!» әні ерекше есте қалды.
Анастасия ПАСТУХОВА