Атырау, 7 қараша 15:36
 қар жаууы ықтималВ Атырау +3
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

Балалар алаңсыз қала ма?

2 026 просмотра

Сәтпаев көшесі бойындағы үйлердің тұрғындары өздерінің онсыз да тып-тығыз орналасқан ұлтарақтай ғана ауласында кеңсе ғимаратының салынатындығы туралы ПИК қатысушыларының жалпы жиналысында естіді. Ести сала қатты таң қалды. Болашақ ғимараттың орнында сегіз үйге ортақ жалғыз ғана балалар алаңы орналасқан еді.

Бұл аулаға кәсіпкерлердің көзі баяғыда-ақ түскен болатын: №14 үйде «Анвар» супермаркеті орналасқан, басқа үйлердің де бірінші қабаттары дүкендер мен кеңселерге толы. Олардың тұтынушылары аулаға тоқтайды, сол жерге таксистер өздерінше автотұрақ жасап алған. Тіпті, басқа да көлік иелері кептелістен қашып, осы аулалар арқылы жүріп жатады. Әсіресе, 14-ші үйдің тұрғындарының жолы болмады: подъезден алдынан олар бірден жүргінші жолға шығады. Жаяу жүргіншіге арналған жол бұл тар аулада табылмаған - оң жақта жылу трассасы (суретте).

- Тұрғындардың жалпы жиналысына құрылыс салушы компанияның өкілдері  келген жоқ. Жиналыс қорытындысы бойынша біз хаттама толтырып, онда құрылысқа қарсы жалпы пікірлерімізді білдірдік, - деп әңгімелейді тұрғындар. Олар өздерінің дәлелдерін келтіруде: біріншіден, орын дұрыс таңдап алынбаған, құрылыс нормалары мен ережесі бойынша бір жағынан жылу трассасынан және бір жағынан  №15 мектеп аумағынан  алғанда ғимаратқа тек санаулы метрлер ғана қалады. Екіншіден, бұл алаң таяу маңдағы үйлердің балалары үшін жалғыз ғана қауіпсіз орын, бұл жерде дене тәрбиесімен айналысады және сабақтан кейін мектеп оқушылары өз ата-аналарын күтеді. Үшіншіден, құрылыс жұмыстары, оның ішінде қазық қағу көпшілігі өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған үйлердің қауіпсіздігіне әсер етеді.

Өздерінің дәлелдерін келтірген хаттарын тұрғындар барлық инстанцияларға - қалалық әкімдікке, жер комитетіне, қалалық сәулет және қалақұрылысы бөліміне, прокуратураға жолдады. Ал, көшірмесін редакцияға әкелді. Редакцияның ресми сауалына орай қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінен жер учаскесіне қатысты мынадай жауап келді: Қаныш Сәтпаев көшесі бойындағы №8, №12, №14, №16, №18 үйлердің аумағында орналасқан учаскенің иесі Орынгүл Нығметова болып табылады. Жер телімі кеңсе құрылысына берілді. Бөлім қызметкерлері осы мекен-жай бойынша тексеру жүргізіп, бүгінгі күні ол жерде ешқандай құрылыс жүргізіліп жатпағандығын анықтады. О.Нығметованың жер телімін басқа жерге ауыстыру мәселесі қала құрылысы жұмысшы комиссиясының алда өтетін отырысында қаралатын болады. Біз қалалық сәулет бөлімінің жетекші маманы Әділет ҚАМИЕВПЕН телефон арқылы хабарласып, бұл жер учаскесінің 2005 жылы берілгендігін анықтадық, сол кезде ол жерде бюджет қаржысына салынған  балалар алаңы болмаған.

 -Бірақ, пайдаланылмаған жер телімдері қалаға кері қайтарылып алынады деген ереже бар емес пе? Ол жерге ештеңе салынбағанына қарамастан неліктен бұл учаске жекеменшік иесінің қолында қалды?

-Учаске бірнеше рет құны артылып сатылған.

Қала құрылысы жұмысшы комиссиясының мәжілісі қай уақытта өтетіндігін Қамиев айтуға қиналып қалды. Жүргізіліп жатқан тексерулерге байланысты бұл процестер әзірге тоқтатылған. Ал, тұрғындардың шағымына орай кейіндеу келген жауап қысқа болды. Онда тек бүгінгі күні ол жерде ешқандай құрылыстың жүріп жатпағандығы ғана хабарланған. Сонымен, қай жауапқа сенеміз? Тұрғындардың қарсылықтарына қарамастан құрылысты немесе ауланы ауыстыратын бола ма, әлде олар балалар алаңынан айрылып қала ма?   

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

14 қараша 2012, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.