Атырау, 23 қараша 19:29
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еріктілер жәрмеңкесі

2 466 просмотра

Егер ішінде тамызық болмаса, пештің өзінен-өзі жылымайтыны белгілі. Сондықтан «Astana Alumni Association» еріктілер бірлестігіндегі жергілікті жастар жалғызбасты зейнеткерлер үшін екінші жыл қатарынан қысқы уақытқа көмір сатып алып беріпті. Бұған ақшаны жастар түрлі шаралар ұйымдастыру арқылы табады.

ҚАРИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН КӨМІР

Өздерінің қайырымды істері туралы қазіргі заманғы тимуршылар ешқандай мақтанышсыз, іскер түрде «Атырау облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған ҮЕҰ-дардың әлеуметтік маңызды жобаларының жәрмеңкесінде  айтып берді.

Жалғызбасты қариялардың мекен-жайларын қалалық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алады екен. Сол жерден қалада тұратын кейбір зейнеткерлердің үйлері әлі күнге дейін көмірмен жылытылатындығынан хабардар болған.

- Біз бұл туралы білген кезде шошып кеттік,  - дейді «Astana Alumni Association» еріктілер бірлестігінің  жетекшісі  Әйгерім АХБЕЛОВА. - Қалалық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметтері бойынша, мұндай 6 үй бар екен. Қыста  әр үй үшін 3-5 тонна көмір қажет. Қалада көмір қымбат, оның үстіне оны табу да қиын, өйткені сұраныс жоқ. Біз бір-бір жарым тоннадан сатып аламыз да, апарып тастаймыз. Содан соң, зейнеткерлерге азық-түлік сатып алу үшін өз достарынан 200 мың теңге жинап берген бір әріптесім бар. Соның арқасында біз 40 зейнеткерді азық-түлікпен қамтамасыз еттік. Жалғызбасты қарияларға өте қиын. Мәселен, Химпоселкеде бір әжей қызымен бірге тұрады, қызының ақыл-есі кем. Сонда ол бір зейнетақыға өзі мен қызын асырап отыр.            

Қазір Атыраудағы еріктілер бірлестігінде 50 адам бар, бәрі де жұмысбасты жастар. Олар жұмыстарынан бос уақытта қайырымдылық көрсетеді.

 

БІЗ СІЗДЕРДІ ЕСТИМІЗ ЖӘНЕ СЕЗЕМІЗ

«Біз сіздердіестимізжәнесеземіз»(«Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар бірлестігі)жобасының арқасындаоблыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері тар орынжайдан үш қатарлы жеке ғимаратқа көшіп барды.

- Біз мемлекеттік органдарды осы интернат тәрбиеленушілерінің проблемаларына тарттық, - дейді «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» бірлестігінің жетекшісі Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ. Олар ұзақ уақыт бойына Маслопромдағы бұрынғы балабақша ғимаратына орналасқан еді. Сол жерде аудандардан келген балаларға арналған жатақхана бар болатын. Асхана да, спорт залы да болған емес. Біз оларға девиантты балаларға арналған бұрынғы мектепті беру ұсынысын айттық. Бұл  - үлкен асханасы, акт залы бар 3 қатарлы ғимарат.

Жобаның аясында есту қабілеті бұзылған балалар үшін шейпинг, арт-терапия және үстел теннисі бойынша сабақтар өткізілді.

«Мүгедек әлемі» ҚБ өкілдері мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған шағын жиынтықты әлеуметтік қолдау орталығын ашу жобасы туралы әңгімеледі.

«Жастар таңдауы» жастар қоғамдық бірлестігі жәрмеңкеде «Жастар бастамалары банкі» жобасын ұсынды.

- Мемлекеттен қаржыландырылу өте қиын, - дейді бірлестік жетекшісі Нұрлан АЗАМАТОВ. – Біз бұл мәселені жеңілдетіп, пайдалы нәрселер жасауға ниет білдірген барлық жастар бірлестіктерін қаржыландыратын Жастар бастамаларының банкі деп аталатын бірыңғай ұйым құрғымыз келеді. Жастар қандай да болмасын акция өткізгісі келсе, оларға ұйым құрудың, оны тіркеудің, мемлекеттік сатып алуға қатысудың қажеті жоқ, осы Банкке жүгінсе болғаны. Бұл жоба қазіргі кезде Еуропа елдерінде кең таралған. Біз өз идеяларымызға қатысты жақын күндері ашылатын жастар саясаты басқармасына хабарласпақпыз.

САТЫП АЛУШЫСЫ ЖОҚ ЖӘРМЕҢКЕ

Жалпы жәрмеңкеде сатып алушылар болады ғой. Бірақ, өкінішке орай, әлеуметтік жобаларға бизнес-құрылымдар тарапынан қызығушылықтар өте аз болды.

Бұған қатысты Атырау облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының директоры Нина ТЕМІРБАЕВА былай дейді:

- Бүгінгі күні, негізінде, коммерциялық емес құрылымдардың жобаларын сатып алу үшін ҮЕҰ-ға қарсы бизнес өкілі отыруы тиіс еді. Өйткені, мемлекет ешқашан қол тигізбейтін, ұсақ-түйек көрінетін, бірақ нәтижелері өте маңызды істерді ҮЕҰ-дар жасайды. Бірақ бизнес тарапынан әзірге қызығушылық болмағандықтан, биыл жәрмеңкенің мазмұнын өзгертіп, оны кімнің қандай жұмыс жасап жатқанын айқындайтын есептік шара ретінде ұйымдастырдық. Бұл тұрғыда биліктің назарын аударып, егер қаржыландыру мәселелері шешілмеген болса, ең болмағанда инвесторлар тауып берер деген идея болды. Бүгін ТШО, Аджип өкілдерін шақырған едік, өкінішке орай, ешқайсысы да келген жоқ. 

Біздің ҮЕҰ жобалары көгалдандыру секілді жаћандық мәселелерге емес, нақты мақсаттық топтарға арналған. Қазір жастардың ҮЕҰ-ы көп, олардың көзқарасы бізге қарағанда өзгешелеу. Егер біз, қоғам өкілдері, болмашы жалақыға барымызды салып жұмыс істейтін болсақ, олар анағұрлым табысты жобаларды іздейді. Егер меценаттардан, инвесторлардан және мемлекет тарапынан қолдау таппаса, таза әлеуметтік жобалар өзінен-өзі жоқ боп кете ме деп қорқамын.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

14 қараша 2012, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.