Атырау, 21 желтоқсан 20:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Барлық жаңалық

Атырау облысында қанша үміткер «мәреге» жетпей жарыстан шеттетілді Атырауда

Атырау облысында қанша үміткер «мәреге» жетпей жарыстан шеттетілді

51 жастағы кәсіпкер Бекболат ЛАТИПОВ Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерліктен «компания акцияларына ие» деген сылтаумен шеттетілді. Латипов өзін «заңсыз шеттетті» деп санайды. Ол мемлекеттік кіріс департаментіне декларацияны толық тапсырғанын және бұл акциялар жөнінде бірінші рет естіп отырғанын, мұндай акцияларды сатып алмағанын айтады. 15 наурыз 2023, 04:22 1 583 рет қаралды
«Бәлкім, астанадағы сессияларға "өз жерінен" ұшып барған дұрыс шығар?» Саясат

«Бәлкім, астанадағы сессияларға "өз жерінен" ұшып барған дұрыс шығар?»

Жақында Ақтауда азаматтық қоғамды ұйымдастыру және сайлау науқандарының құқықтық мәселелері бойынша екі күндік тренинг өтті. Оған ҮЕҰ өкілдері мен азаматтық белсенділер, сондай-ақ әр өңірден БАҚ өкілдері қатысты. Спикерлердің бірі ретінде сайлау науқанының сарапшысы, Грузия үкіметінің бұрынғы мүшесі, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилидің үзеңгілесі Дмитрий ШАШКИНИ шақырылды. «АЖ» тілшісі грузин саясаткерімен сайлаудың ашықтығы туралы ғана емес, басқа тақырыптар жөнінде де әңгімелесті. 14 наурыз 2023, 12:29 1 723 рет қаралды
Сағыздағы атыс туралы іс бойынша үкім шығарылды Атырауда

Сағыздағы атыс туралы іс бойынша үкім шығарылды

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған жаппай төбелес пен адам өлімімен аяқталған атыс бойынша 21 сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. 12 наурыз 2023, 23:25 1 398 рет қаралды
Мүйізі үшін қаншама ақбөкенді қырып тастаған Атырауда

Мүйізі үшін қаншама ақбөкенді қырып тастаған

Атырауда «Береке» ықшамауданындағы тұрғын үйлердің бірін тексеру кезінде жалпы салмағы 500 келіден асатын 2421 ақбөкен мүйізі табылды. Келтірілген шығын көлемі 6 миллиард 264 миллион теңгені құрайды. 9 наурыз 2023, 13:03 1 185 рет қаралды
11 жасар баланы қағып кеткен егде жүргізуші екі жарым жыл жаза алды Оқиға

11 жасар баланы қағып кеткен егде жүргізуші екі жарым жыл жаза алды

Жылыой аудандық сотында, өткен жылдың 20 қазанында, Құлсары қаласында 11 жасар баланы қағып өлтірген жүргізушіге үкім шықты. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бабы («Жүргізушінің адамның қайтыс болуына әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы») бойынша айып тағылды. 5 наурыз 2023, 13:02 1 354 рет қаралды
Делдалдың көп болғаны жақсы емес Атырауда

Делдалдың көп болғаны жақсы емес

Облыс әкімдігінде азық-түлік өнімдерін сатып алудағы делдалдық мәселесі талқыланған комиссия отырысы өтті. Оған кәсіпкерлер, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің, Экономикалық тергеу департаментінің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Сурет 3 наурыз 2023, 22:22 1 273 рет қаралды
Батыстың үкіметтік емес ұйымдарында грант алуға мүмкіндік көп болу үшін Атырауда

Батыстың үкіметтік емес ұйымдарында грант алуға мүмкіндік көп болу үшін

Атырауда Батыс Қазақстан облысының (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстары) ҮЕҰ өкілдері үшін оффлайн оқыту курстары өтуде. Тренинг 2 қаңтарда «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ «ҮЕҰ академиясы» жобасы аясында басталды. 1 наурыз 2023, 15:15 1 102 рет қаралды
«Шаңырақ» балалар ауылының директоры жұмыстан шеттетілді Атырауда

«Шаңырақ» балалар ауылының директоры жұмыстан шеттетілді

Бұл туралы бүгін, 28 ақпанда облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Олардың мәліметінше, облыстық білім беру басқармасы басшысының бұйрығымен отбасылық үлгідегі «Шаңырақ» балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева тергеу жүргізу кезінде атқаратын қызметінен уақытша шеттетілді: 28 ақпан 2023, 22:05 1 619 рет қаралды
Концерт залы биыл анық сүріледі Атырауда

Концерт залы биыл анық сүріледі

Атырауда он жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған 1200 орындық киноконцерт залы биыл күреліп, орнына жаңа ғимараттар бой көтермек. Жаңа ғимараттарды BI Group компаниясы салмақ. Бұл туралы Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ Өңірлік коммуникациялар брифингінде «АЖ» сауалдарына жауап беру кезінде мәлім етті. 27 ақпан 2023, 14:38 1 218 рет қаралды
Жайық пен Қиғашты тереңдету: биыл сағаны қолға алады Атырауда

Жайық пен Қиғашты тереңдету: биыл сағаны қолға алады

ӨКҚ-де өткен брифингте Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ биыл Жайық және Қиғаш өзендерінің сағаларын тереңдету жұмыстары басталатынын айтты. Бұған қаражат бөлінген. 27 ақпан 2023, 15:13 1 025 рет қаралды
«Шаңырақтағы» жанжал: тәрбиеленуші директордың қол көтергеніне шағымданды Атырауда

«Шаңырақтағы» жанжал: тәрбиеленуші директордың қол көтергеніне шағымданды

Жақында зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қолдайтын «НеМолчиkz» қоғамдық қорының басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында Атыраудағы отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылында балалардың соққыға жығылғаны туралы хабарлады. Ол балалардың құқығын қорғау жөніндегі «150» сенім телефонына ұл баланың телефон соғып, осы ауылдың директоры 9 бен 16 жас аралығындағы балаларды ұрып-соққаны туралы хабарлағанын жазады. Басқа балалардың да соққыға жығылғаны хабарланған. 26 ақпан 2023, 17:02 1 221 рет қаралды
Қаржы вице-министрі: Республикалық бюджетке түсетін салықтың үштен бір бөлігі - Атырау облысынан Атырауда

Қаржы вице-министрі: Республикалық бюджетке түсетін салықтың үштен бір бөлігі - Атырау облысынан

24 ақпанда Атырауға ҚР Қаржы вице-министрі Ержан БІРЖАНОВ келді. Алдымен ол Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшысы Айдын Сауданбековті таныстырды. Одан кейін бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу, азаматтарды жеке қабылдау, баспасөз мәслихаты және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ флагмандық жобасы болып табылатын KPI зауытына («KPI Inc.» ЖШС) іс-сапар болды. 26 ақпан 2023, 23:58 762 рет қаралды
Бізде туристер қызығатын жерлер бар Атырауда

Бізде туристер қызығатын жерлер бар

Былтыр Атырау облысына жазда келуші туристер саны 2021 жылмен салыстырғанда үш есе артып, 108 мың турист болған. Оның 94 мыңнан астамын қазақстандықтар құраса, қалғаны шетелден келушілер. Бұл туралы Атырау облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы Нұрбол ЖАҢАБЕКОВ өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифнгте баян етті. 23 ақпан 2023, 12:26 1 737 рет қаралды
Атырауда Экология министрімен кездесу өтті: сауал көп, кей сұраққа жауап жоқ Атырауда

Атырауда Экология министрімен кездесу өтті: сауал көп, кей сұраққа жауап жоқ

Кеше, 22 ақпанда Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия СҮЛЕЙМЕНОВА Атырауға жұмыс сапарымен келді. Бұл оның министр болып тағайындалғаннан кейін облысымызға бірінші сапары. Экологиялық нысандарды аралаған соң Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінде жергілікті жұртшылықпен кездесті. Залда адам аз болғанымен, сауалдар жеткілікті қойылды. Кей сұрақтар эмоцияға толы болды. Кездесу үш сағаттан астам уақытқа созылды. Сурет 23 ақпан 2023, 11:51 1 296 рет қаралды
Кәсіпкерлікті дамытуға арналған миллиардтар Бизнес

Кәсіпкерлікті дамытуға арналған миллиардтар

Атырау облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы Нұрбол ЖАҢАБЕКОВ ӨКҚ-де өткен брифингте хабарлағандай, биыл 1 ақпандағы мәлімет бойынша өңірде 70 717 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Солардың 64 605-і жұмыс істеп тұр екен. 22 ақпан 2023, 14:06 1 403 рет қаралды
Сауда саласындағы салымдар Атырауда

Сауда саласындағы салымдар

2023 жылғы 1 ақпандағы  жағдай бойынша облыста бөлшек сауда көлемі 29,2 млрд теңгені құрады. Ал, былтыр сауда саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2022 жылы 19,4 млрд теңге құраған. Бұл туралы Атырау облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы Нұрбол ЖАҢАБЕКОВ өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. 22 ақпан 2023, 14:53 1 134 рет қаралды
Делдалдар тізбегі анықталып жатыр Атырауда

Делдалдар тізбегі анықталып жатыр

19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында 2022 жылы «Тұрақтандыру қору» шеңберінде қосымша 2 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлініп, жалпы 3,9 млрд теңгеге толықтырылды, - деп хабарлады Атырау облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы Нұрбол ЖАҢАБЕКОВ өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 22 ақпан 2023, 19:24 900 рет қаралды
Атырауда сұйытылған газ тапшылығы байқалды Атырауда

Атырауда сұйытылған газ тапшылығы байқалды

Атырауда көліктерге арналған сұйытылған газ тапшылығы тағы сезілді. Жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда бола бастады. Жүргізушілердің айтуынша, бұл жағдайдың жалғасып келе жатқанына төртіншікүн болған: бекеттердің көбінде отын жоқ немесе тек талонмен сатылуда. 22 ақпан 2023, 14:28 1 200 рет қаралды
23 миллионды енесінің Kaspi Gold картасына аудартқан Атырауда

23 миллионды енесінің Kaspi Gold картасына аудартқан

Атырау қаласының №2 сотында Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол ҚК-тің 366-бабының 3-бөлігінің 3,4-тармақтары («Ірі көлемде бірнеше рет пара алу») бойынша айыпталды. Ал ол алды деген параның жалпы сомасы 23 миллион 817 мың теңге. 22 ақпан 2023, 16:26 1 759 рет қаралды
Митингте дауға айналған «Көктем» ТК тұрғындары пәтерлерінен шықпайтынын айтты. Олар әділдікті талап етеді Атырауда

Митингте дауға айналған «Көктем» ТК тұрғындары пәтерлерінен шықпайтынын айтты. Олар әділдікті талап етеді

Лесхоз ықшамауданындағы жаңа «Көктем» тұрғын үй кешені 31 мамырға дейін бұзылуға тиіс, бұл мерзімге дейін тұрғындар пәтерін босатуы керек. Бұл бірінші сатыдағы соттың былтыр желтоқсан айында шығарған шешімі. Ал қаңтар айының соңында апелляциялық сот бұл шешімді күшінде қалдырды. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 21 ақпан 2023, 12:18 1 008 рет қаралды
Бақытгүл Хаменованың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады Хаменованың ісі

Бақытгүл Хаменованың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады

Бүгін, 21 ақпанда Атырау облыстық сотының сот алқасы Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, экс-депутат Бақытгүл Хаменоваға қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сотталған облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев пен «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамовтың жазасы жеңілдетілді. 21 ақпан 2023, 15:27 1 680 рет қаралды
Атырау облысының бас сәулетшісі: «Бәрі Бас жоспар бойынша» Атырауда

Атырау облысының бас сәулетшісі: «Бәрі Бас жоспар бойынша»

Былтыр Атырау облыстық сәулет және құрылыс басқармасының шығындарына жергілікті бюджеттен 285 млн 960 мың теңге бөлінген. Соның ішінде қала құрылысы құжаттарын әзірлеуге – 242 млн 358 мың  теңге және  басқарманың қызметін үйлестіру үшін - 43 млн 602 мың теңге жұмсалды. Бұл туралы Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын Арыстанова “АЖ” сұхбатында айтып берді. 20 ақпан 2023, 10:03 1 416 рет қаралды
Жалақы инфляция мен баға өсімінен әлдеқайда артта қалған Атырауда

Жалақы инфляция мен баға өсімінен әлдеқайда артта қалған

Атырау облыстық әкімдігінде әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтіп, онда «Ембімұнайгаз» АҚ және «KPI Inc.» АҚ мердігер ұйымдары, сондай-ақ «Атырау Жарық» ЖШС қызметкерлерінің мәселелері қаралды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 20 ақпан 2023, 13:18 899 рет қаралды
Атыраулық құрылысшылар өзге өңірлердің тендер жеңімпаздарына қолбала болғысы келмейді Атырауда

Атыраулық құрылысшылар өзге өңірлердің тендер жеңімпаздарына қолбала болғысы келмейді

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен құрылыс комитетінің отырысында жергілікті құрылыс компаниялары өздеріне мемлекеттік тапсырыстардың қолжетімсіздігі туралы мәселе көтерді. Олардың айтуынша, ірі мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын басқа өңірлердің кәсіпкерлері алғанымен, іс жүзінде жұмысты қосалқы мердігер ретінде жергілікті компаниялар атқарып жатыр. 20 ақпан 2023, 21:23 1 333 рет қаралды
Павлодарлықтар Жайықты тайызданудан құтқарып жатыр ма? Атырауда

Павлодарлықтар Жайықты тайызданудан құтқарып жатыр ма?

Былтыр Жайық және Қиғаш өзендерінің арналарын тереңдету үшін республикалық бюджеттен 7 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржыға Жайық өзенінің 13 км арнасын, Қиғаш өзенінің 37 км арнасын тереңдетуге жұмсалған. Бұл туралы Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан ЖАНТОҚОВ өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. 18 ақпан 2023, 21:54 1 322 рет қаралды
Балықты тормен аулаған Атырауда

Балықты тормен аулаған

Атырау облысы бойынша балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1, 2, 3-бөліктері («Балық аулау және балық ресурстарын қорғау қағидаларын бұзу») бойынша 10 әкімшілік хаттама толтырды. Жалпы сомасы 103 500 теңге айыппұл салынды. 18 ақпан 2023, 22:29 1 322 рет қаралды
Атыраулық тасымалдаушылар: «Билік жолаушылар үшін көп жеңілдік енгізді, бірақ оларды төлегісі келмейді» Атырауда

Атыраулық тасымалдаушылар: «Билік жолаушылар үшін көп жеңілдік енгізді, бірақ оларды төлегісі келмейді»

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасында Көлік және логистика комитетінің отырысы барысында жолаушылар тасымалы саласындағы мәселелер талқыланды. Тасымалдаушылардың айтуынша, өткен жылы жергілікті атқарушы органдар жеңілдік берілген жолаушыларды тасымалдау үшін субсидия ұсыну туралы шешім шығарды. Алайда ол әлі күнге дейін орындалмай, соның салдарынан тасымалдаушылар үлкен шығынға ұшырауда. 17 ақпан 2023, 17:15 1 091 рет қаралды
Атырау облысында екі жарым миллион тонна қоқыс жиналды. Екі өңдеу зауытының көмегі бола ма? Атырауда

Атырау облысында екі жарым миллион тонна қоқыс жиналды. Екі өңдеу зауытының көмегі бола ма?

Атырауда қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, өңдейтін екі кешеннің құрылысы биыл аяқталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан ЖАНТОҚОВ мәлім етті. 17 ақпан 2023, 17:22 1 198 рет қаралды
​Тексерушілер Атыраудағы жылумен қамту сапасын тексеруде Атырауда

​Тексерушілер Атыраудағы жылумен қамту сапасын тексеруде

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жылумен қамту саласындағы тиімділігіне, атап айтқанда, жылу энергиясын өндіру және тасымалдау объектілерінің тартылған қаражаттарды пайдалануына және инвестициялық бағдарламаларды орындауына қатысты тексеруді бастады. Тексеру аясында тексеру комиссиясы атыраулықтар арасында жылумен қамту сапасын бағалау мақсатында сауалнама жүргізеді. 17 ақпан 2023, 17:33 1 397 рет қаралды
Мектепті жөндеу жырға айналды Атырауда

Мектепті жөндеу жырға айналды

Жылыой ауданының Қосшағыл ауылдық округіндегі №2 мектептің жөндеу жұмыстарына бөлінген 157 миллион теңге өткен жылдың аяғында бюджетке кері қайтарылды. Облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі мердігер компания өз міндеттемелерін уақтылы орындамағандықтан осындай қадамға баруға мәжбүр болғанын хабарлады. 16 ақпан 2023, 13:31 1 195 рет қаралды