Былтыр Жайық және Қиғаш өзендерінің арнасын тереңдету үшін республикалық бюджеттен 7 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржыға Жайық өзені арнасының 13 шақырымы, Қиғашта арнаның 37 шақырымын тереңдетуге жұмсалған. Бұл туралы Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан ЖАНТОҚОВ өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, Атырау облысындағы өзендерді тереңдету жұмыстары 2017 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстарға сол кезде 1,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгені белгілі. Тапсырыс беруші – облыстық құрылыс басқармасы, мердігер – сол баяғы «Павлодар өзен порты» АҚ.
Биыл Атырау облысында тереңдету жұмыстарына республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 500 миллион теңге бөлінді.
Айнұр САПАРОВА