Атырау, 28 қараша 12:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мектепті жөндеу жырға айналды

1 067 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынды

Жылыой ауданының Қосшағыл ауылдық округіндегі №2 мектептің жөндеу жұмыстарына бөлінген 157 миллион теңге өткен жылдың аяғында бюджетке кері қайтарылды. Облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі мердігер компания өз міндеттемелерін уақтылы орындамағандықтан осындай қадамға баруға мәжбүр болғанын хабарлады.

Облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, жұмыс 2022 жылдың сәуір айында басталған және жыл аяғында бітуі керек. Мемлекеттік сатып алу порталында жоспарланған келісімшарт сомасы 271 528 796 теңге деп көрсетілген.

Қазір негізгі мектептің жөндеу жұмыстары 70, бастауыш мектеп 98, мектеп-интернат 90 пайызға аяқталып тұр. Барлық 871 оқушы бастауыш мектептің тар ғимаратында оқуға мәжбүр.

- Кезінде үш нысанға бөлек-бөлек смета жасалғандықтан, мердігер ісі үш нысан бойынша сотқа берілді.  Жыл аяғында басталған сот процесі әлі жалғасып жатыр. Сот аяқталып, келісім-шарт талаптарын сақтамаған «SCS Инжиниринг» компаниясына қатысты тиісті шара қолданғаннан кейін мектептегі жөндеу жұмыстары басталады, - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Айнұр САПАРОВА

16 ақпан 2023, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.