Атырау, 27 қараша 21:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Концерт залы биыл анық сүріледі

1 131 просмотра

Атырауда он жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған 1200 орындық киноконцерт залы биыл күреліп, орнына жаңа ғимараттар бой көтермек. Жаңа ғимараттарды BI Group компаниясы салады. Бұл туралы Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ Өңірлік коммуникациялар брифингінде «АЖ» сауалдарына жауап беру кезінде мәлім етті.

2011 жылы Нұрсая ықшамауданындағы киноконцерт залының құрылысына 3,8 млрд теңге бөлінді. Оның 2 млрд теңгеге жуығы игерілген.  

Құсайынов мердігер компания «СнабОйлСтрой» ЖШС басшылары істі болған кезде құрылыс тоқтағанын алға тартты. Бұдан соң ол 2013 жылы Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты (КазНИИСА) нысанға арнайы сараптама жүргізіп, «металл конструкциясы коррозияға ұшырады» деп, «нысан бұзылуға жатады» деген қорытынды шығарғанын еске салды.

- Біз де өз тарапымыздан сараптама жасаттық. Ол кезде де осындай қорытынды шықты. Енді облыс әкімі Серік Шәпкеновтің тапсырмасына сәйкес, BI Group компаниясымен қазір жаңа жоба жасақтап жатырмыз. Киноконцерт залын қайта салуды қарастырып отырмыз, оған қоса өлкетану музейін салуды жөн көрдік. Жобалардың әр түрлі типтегі эскиздік жобасы жасалып, біреуіне тоқтала келдік. Нақты шешім алынған соң, жоба құны да шығады. Қоғамдық кеңестің талқысына саламыз. Шешімді солай қабылдаймыз, - деді Н.Құсайынов.

Еске салайық, бұған дейін де киноконцерт залын сүріп тастау туралы ұсыныстар айтылған. Нысан инвесторлардың қызығушылығын оятып, оны балабақшаға, мектепке айналдыруға ұсыныс жасады. Кейін де ғимарат сауда ойын-сауық орталығы, бизнес орталығы болып қайта жаңғыртылатыны хабарланды. Бірақ мұның бәрі сөз жүзінде қалды.

Биыл сең қозғалса, көреміз.

Айнұр САПАРОВА

27 ақпан 2023, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.