Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған жаппай төбелес пен адам өлімімен аяқталған атыс бойынша 21 сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.
Сот 2021 жылдың 30 қазанында сағат 19 шамасында Сағыз ауылына жақын маңда «бір бірін ұнатпаушылық негізінде» жәбірленушілер мен сотталушылар арасында төбелес басталып, арты атысқа ұласқан.
- Төбелес барысында сотталушы У. жәбірленуші Е. мен К.-ге пышақ жарақатын салған, ал сотталушы С. жәбірленуші Е.-нің басына темір тұрбамен соққан, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. – Бұл кезде куәгер Ш.-ның көлігінің жанында тұрған сотталушы Т. аңшылық қаруын қолына алып, жоғарыға бірнеше рет оқ атқан. Әрі қарай сотталушы Б. аңшылық қарудан адамдар тобына қарай оқ атқан, сондай-ақ жәбірленуші К.-ға қарай 2 рет оқ атып, ол ауыр жарақат алып өлді. Осыдан кейін сотталушылар Қ. мен Б. қылмыс орнынан қашып кеткен. Жәбірленушілер Е., А., И., Б., Т. әр түрлі дәрежедегі оқ жарақаттарын алған.
Сотталушылар кінәсін мойындамады, бірақ олардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің, сараптама қорытындыларымен, оқиға орнын қарау хаттамасымен және заттай айғақтармен толықтай дәлелденді.
Алқабилер сотының үкімімен сотталушы Б.-ға - 16 жыл, сотталушы Т.-ға - 5 жыл, сотталушы У.-ға - 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы С. ҚК-тің 107-бабының 2-бабының 4-тармағы («Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіруі») бойынша кінәлі деп танылды, бірақ «Рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Сотталушылар Б., Б., Ө. ҚК-тің 434-бабымен («Қылмыс туралы хабарламау») кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушы Қ. ҚК-тің 432-бабымен («Қылмысты жасырып қалу») кінәлі деп танылып, 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылар Т. және Ә. ҚК-тің 434-бабымен кінәлі деп танылып, 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Соталушылар Ж., С., М., К., Б., Д., М., К., А., К., У. ҚК-тің 434-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағандары дәлелденбеуіне байланысты ақталды.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА
Caspian News видеосынан скрин