Атырау, 28 қараша 12:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда сұйытылған газ тапшылығы байқалды

1 054 просмотра

Атырауда көліктерге арналған сұйытылған газ тапшылығы тағы сезілді. Жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда бола бастады. Жүргізушілердің айтуынша, бұл жағдайдың жалғасып келе жатқанына төртінші күн болған: бекеттердің көбінде отын жоқ немесе тек талонмен сатылуда.

Мысалы, менің әріптесім Алма Қалусариева да осындай жағдайға тап болған. 19 ақпанда жанар-жағармай құю бекетінде кезектің көп болғаны соншалық, ол күтпей, газдың орнына бензин құюға мәжбүр болыпты. Ал олардың баға айырмашылығы айтарлықтай –газ – 50 теңге, АИ-95 бензині – 162 теңге.

Бүгін, 22 ақпанда Мақатаев-Тайманов көшелерінің қиылысындағы жанармай құю бекетінде газ талонмен берілген. Бекеттегі жұмысшы отынның шамамен бір аптадан кейін жеткілікті мөлшерде келетінін айтқан. Ал үш жанармай құю бекетінде газ мүлде болмаған.

«АЖ» облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен комментарий алуға жүгінді. Олар тапшылық АМӨЗ-дегі каталитикалық крекинг қондырғысын жөндеуге байланысты туындағанын хабарлады. Қазіргі уақытта қондырғыны іске қосу жұмыстары жүргізілуде, жұмыстардың шамамен аяқталу мерзімі - 23 ақпан.

Еске салайық, осы айдың басында «АМӨЗ» ЖШС-нің каталитикалық крекинг қондырғысы жоспардан тыс тұрып қалғандығы белгілі болды. Соған байланысты жанар-жағармай және сұйытылған мұнай газының тәуліктік өндірісі айтарлықтай төмендеді. «АЖ»-ға белгілі болғандай, газдың тәуліктік өндірісі 600 тоннадан 170-180 тоннаға дейін төмендеді. Оның 120 тоннасы Атырау облысының ішкі нарығына, ал 50-60 тоннасы Батыс Қазақстан облысының ішкі нарығына босатылуда. 

Автогаз тапшылығы бірінші рет туындап отырған жоқ. Өткен жылдың қарашасында осыған ұқсас жағдай болды. Сол кезде бұған АМӨЗ-дегі жоспарлы жөндеу жұмыстары себеп болған еді.

Айнұр САПАРОВА

Алма ҚАЛУСАРИЕВА түсірген сурет

22 ақпан 2023, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.