Атырау, 28 қараша 12:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Тексерушілер Атыраудағы жылумен қамту сапасын тексеруде

1 311 просмотра

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жылумен қамту саласындағы тиімділігіне, атап айтқанда, жылу энергиясын өндіру және тасымалдау объектілерінің тартылған қаражаттарды пайдалануына және инвестициялық бағдарламаларды орындауына қатысты тексеруді бастады. Тексеру аясында тексеру комиссиясы атыраулықтар арасында жылумен қамту сапасын бағалау мақсатында сауалнама жүргізеді.

Азаматтар мына гиперсілтемені басып, сұрақтарға жауап бере алады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfLArchmC-TLF9fYkZVQyLL62hCYFUracIpVgUt7yWDnFRi5g/viewform?usp=sf_link

Тексеру «Атырау жылу жүйелері» АҚ-на да қатысты. Айта кетейік, 10 ақпанда аталмыш кәсіпорынның жұмысшылары биыл наурыз айынан бастап жалақыны 50 пайызға көтеруді талап етіп митингке шыққан болатын. Айтуларынша, қазір ол 60 мыңнан 150 мың теңгеге дейінгі аралықта. АҚ басшылығы олардың өтінішін қарауға уәде беріп, бір ай күтуді сұрайды. Бұл «Атырау жылу жүйелері» жұмысшыларының алғашқы наразылығы емес. 2021 жылдың жазында олар жалақыны көтеруді талап етіп, митингке шыққан еді.

Айнұр САПАРОВА

17 ақпан 2023, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.