Атырау, 28 қараша 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Делдалдар тізбегі анықталып жатыр

811 просмотра

19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында 2022 жылы «Тұрақтандыру қору» шеңберінде қосымша 2 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлініп, жалпы 3,9 млрд теңгеге толықтырылды, - деп хабарлады Атырау облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы Нұрбол ЖАҢАБЕКОВ өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұл қаражаттың 3,7 млрд теңгесі кәсіпкерлерге берілді. Бұған 14 мың тоннаға жуық 18 түрлі өнімдері сатып алынып, 58 сауда-саттық нүктелерінде қолжетімді бағада сатылып жатыр.

- Қазіргі таңда «Атырау» ӘКК» АҚ АФ есеп шотындағы қаражат қалдығы 706 млн теңгені құрайды. Осы қаражат есебінен өңірге қажетті өнімдерді тасымалдауға кәсіпкерлік субъектілермен қажетіне қарай келісімшарт жасақтасу жоспарланып отыр, - дейді Н.Жаңабеков. – Осы жыл басынан бері азық-түлік өнімдерінің барлық делдалдық тізбектерін анықтау мақсатында 10 комиссия отырысы өткізіліп, нәтижесінде сары май, сүт өнімдері және құс етін жеткізуде делдалдар анықталып, тауарға қосылатын үстеме бағалары 15%-дан жоғары сатып жатқаны анықталды. Аталған кәсіпкерлік субъектілерге комиссия өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оның айтуынша, 2022 жылы Атырау облыстық прокуроры орынбасарының қаулысымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз өсіруді алдын алу мақсатында сауда нысандары тексерілді. Нәтижесінде «Идеал Маркет» ЖШС-нің өнімдерді 25% үстеме бағамен сатқандығы анықталды. ЖШС-ге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4- бабына («Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша сауда үстемеақысының мөлшерін асыру») сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, 300 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Барлық сауда орындары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің үстеме бағасын 15%-дан асырмау керек.

Айнұр САПАРОВА

22 ақпан 2023, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.