Қала әкімдігі баспасөз хатшысы Нұрислам ҒҰМАРДЫҢ айтуынша, үй иелеріне өтемақы тәуелсіз сарапшының үйдің бағалау құнына сай төленеді.
Оның айтуынша, қала әкімінің қаулысымен қазір үйлердің жер телімін иеліктен шығару жұмыстары жүріп жатыр.
Атап айтқанда, Гагарин, Назарұлы, Байтұрсынов, Дәулетов және Сүйесінов көшелерінің қиылысынан 64 жер учаскесі; Жарбосынов, Мөңкеұлы, Ырыс және Пушкин көшелерінің қиылысынан 24 жер учаскесі; Гагарин, Исатаев, Жарбосынов, Автомобилистер, Бисекенов және Арал көшелерінің қиылысынан 42 жер учаскесін ақшалай өтемақы төлеу арқылы мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары жүріп жатыр.
Олардың орнында көппәтерлі тұрғын үйлер, балабақша, әкімшілік ғимарат және саябақ салынады.
Айнұр САПАРОВА