Атырау, 28 қараша 10:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Батыстың үкіметтік емес ұйымдарында грант алуға мүмкіндік көп болу үшін

996 просмотра

Атырауда Батыс Қазақстан облысының (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстары) ҮЕҰ өкілдері үшін оффлайн оқыту курстары өтуде. Тренинг 2 қаңтарда «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ «ҮЕҰ академиясы» жобасы аясында басталды.

Басты мақсат - Батыс Қазақстан өңірілеріндегі ҮЕҰ-дың «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық байқауларына қатысу белсенділігін арттыру және өтінім сапасын жақсартуға ықпал ету.  «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» курсы аясында бірқатар тақырыптарды қамтиды. Бұл:

1. ҮЕҰ-ның құрылымдық-институционалдық дамуы;

2. ҮЕҰ-ның Қаржылық менеджменті;

3. ҮЕҰ-ның Жобалық менеджменті

4. ҮЕҰ-ның «Азаматтық; бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық байқауларына қатысу ережелері;

5. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс.

Осы мақсатта жоба аясында 150-ден астам қоғамдық ұйымның біліктілігін арттыру қарастырылып отыр. 

Қосымша ақпарат алу үшін Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсының өкілі  Мөлдір Амангелдиеваға тел: 8 (7292) 30 37 84; +7 7026942330 , gamo_aktau@mail.ru хабарласуыңызға болады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

1 наурыз 2023, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.