21 ақпанда Атырау полицейлері Атырау-Доссор тас жолында жоғалып кеткен 38 жастағы Өзбекстан азаматын тапты.
- Ол түнгі сағат екілер шамасында №469 теміржол бекетінен табылды, - деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.
Оның жоғалып кеткені туралы 20 ақпанда полицияға өзбекстандық 29 жастағы жүргізуші хабарлаған. Олар Ресейден өз еліне қарай кетіп бара жатқан, жоғалған оның жолаушысы екен. Атырау-Доссор тас жолында белгісіз себептермен ұрысып қалып, жолаушы есікті тарс жауып, түсіп қалған.
Ол табылған соң өзбек азаматы учаскелік полицейлерге ризашылығын білдірді. Екеуі сапарын оңтүстік облыстарға, одан әрі Өзбекстанға жалғастырды.
Айнұр САПАРОВА