Атырау, 28 қараша 10:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Делдалдың көп болғаны жақсы емес

Сурет
1 089 просмотра

Облыс әкімдігінде азық-түлік өнімдерін сатып алудағы делдалдық мәселесі талқыланған комиссия отырысы өтті. Оған кәсіпкерлер, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің, Экономикалық тергеу департаментінің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.

Онда тауар өндірушілермен тікелей келісімшарт жасап, үстеме бағаның 15 пайыздан аспауын қадағалау қажеттігі айтылды. «Артық» делдалдар бастапқыда ескерту алады, қайталанған жағдайда оларға айыппұл салынады. Сауда желісінің өзіне келетін болсақ, олар 15%-дық шектен асқан жағдайда, "Сауда қызметін реттеу туралы" ҚР Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес ("Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін асыру") жауапкершілікке тартылады.

Өткен жылдың соңында өңірде логистикалық шығындарға байланысты тұз бағасы 60 теңгеден 76 теңгеге дейін күрт көтерілгені айтылды. Бірақ қазір ол 47-55 теңгеден сатылып жатыр, - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол ЖАҢАБЕКОВКЕ сілтеме жасап.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

3 наурыз 2023, 22:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.