Атырау, 28 қараша 10:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жұмысшы АМӨЗ құрылыс алаңында жарақат алып, көз жұмды

1 573 просмотра

3 наурызда облыстық ауруханада АМӨЗ нысандарының бірінде алған жарақаттан қосалқы мердігер мекеменің жұмысшысы қаза болды.

Біз комментарий алу үшін АМӨЗ баспасөз қызметіне жүгіндік. Онда оқиға механикалық тазарту қондырғыларының (MТҚ) құрылыс алаңында жүк көтеру техникасының маневрі кезінде болғанын хабарлады.

Жәбірленуші дереу облыстық травматологияға жеткізілді, бірақ кейін алған жарақаты салдарынан қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр. «АМӨЗ» ЖШС басшылығы және еңбек ұжымы марқұмның тума-туысы мен достарына қайғырып көңіл айтады.

Айнұр САПАРОВА

5 наурыз 2023, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.